Ахуал карантиндік шектеулерді күшейтуді талап етуде

Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияның мыңға жуық жаңа жағдайы расталды. Ал, Жамбыл облысында 25 дерегі тіркелген. Өсу көрсеткіші байқалуда десек, ол жергілікті билік пен халықты алаңдатпай қоймайды. Өйткені, Тараз қаласы жасылдан сары аймаққа көшті. Алдын-алу шараларын қабылдау қажет, бұл орайда карантиндік шектеулерді күшейту маңызды.

Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында талқыланды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, жұқпалы аурулар ауруханасындағы 1000 кереуеттің жүктемесі 454 орынды құрап отыр, Карантиндік стационарда – 23 адам, үйде-1341. 240 мың жамбылдық ПТР-тестілеуден өткен.

Соңғы аптаның қорытындысы бойынша жұқтырғандардың ең көп өсуі Тараз қаласында (85 жағдай, өсім 3,5%), Жамбыл ауданында (9 жағдай, өсім 3,4%) және Т.Рысқұлов (7 жағдай, өсім 3,9%) аудандарында байқалады. Жедел жәрдемді шақыртулар саны үштен бірге артты.

Басқа облыстарда қолайсыз эпидемиологиялық ахуалға байланысты 2000 төсектік резерв дайындалуда, қосымша 3150 медицина қызметкері қажет болады. COVID-19 алдын алу және емдеу үшін облыс стационарларына 1,2 миллиард теңгеге дәрі-дәрмектер мен жабдықтар әкелінді. КВИ себептері бойынша жедел жәрдем шақыруларының саны отыз пайызға артқан.

Басқа облыстардағы эпидемиологиялық жағдайдың қолайсыздығына байланысты 2000 төсектік резерв дайындалуда, қосымша 3150 медициналық персонал қажеттігіне көңіл бөлінуде. COVID-19 ауыруының алдын алу және емдеу үшін облыс стационарларына 1,2 миллиард теңгеге дәрі-дәрмектер мен жабдықтар жеткізілді.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының м.а. Нейли Муликованың айтуынша, азаматтардың Тараз медициналық ұйымдарына өз еркімен жүгінуі барысында анықталған науқастардың үлес салмағы артқан (53,5%). Бұл адамдардың жоғары азаматтық жауапкершілігін көрсетеді, сонымен қатар тиісті құрылымдардың инфекцияның таралуын әлсіздігін көрсетеді. Инфекция жұқтырғандардың 60 пайыздан астамында үйде оқшаулануға тиісті жағдайлары жоқ.

Жалпы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғандарға 46 әкімшілік хаттама толтырылды.

— Әсіресе, Тараз қаласында мониторингтік топтардың жұмысын күшейту керек, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Полиция департаментінің бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетов те аймақ басшысын қолдап, 51 мобильді топтың бар-жоғы 46 ғана заң бұзушылықты анықтағанын жеткізді.

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаевтың айтуынша, салынған айыппұлдардың мөлшері 50 миллион теңгеден асқан. Ол сондай-ақ карантиндік режимді көбіне байланыста болған тұлғалардың бұзатынын атап өтті.

Ахуалды талқылау барысында Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров оқу сабақтарының басталуын ескере отырып, барлық мектептерді тексеруді ұсынды.

— Тараз сары аймаққа енді, сондықтан барлық талаптардың сақталуын бақылауды күшейту қажет. Облыс орталығында карантиндік орталық құру қажет. Әсіресе, мектеп оқушылары мен зейнеткерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын арттыру керек. Қоғамдық көліктің толу жүктемесіне, бетперде тағуға және жолаушылардың әлеуметтік қашықтықты сақтауына ерекше назар аудару маңызды. Дәрі-дәрмектер мен төсек-орындарының жеткілікті екендігін барлап отырыңыздар. Медициналық мамандар бар, бірақ кадрлық резервті де дайындау беру қажет. Науқастардың қандай жағдайда ем алып жатқандығын зерделеңіздер. Ақпан айында басталатын жаппай вакцинациялау науқанына дайындалу, биофармацевтикалық зауыттың құрылысын жеделдету керек. Әлеуметтік желілерде тұрғындар тағы да дәрігерлердің жұмысына наразылығын білдіріп, бюрократиялыққа қатысты шағымдарының саны арта түскен. Медициналық мекемелердің басшыларын ротациялау қажеттілігі туындауда. Бұл 10-15 жылдан бері бір орында отырған мектеп директорларына да қатысты. Оқу сапасы нашарлай бастайды, тәртіп деңгейі төмендейді. Білім басқармасы бұл мәселені аудан әкімдерімен бірлесіп егжей — тегжейлі қарастыруы тиіс, — деді Бердібек Сапарбаев.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *