Аналардың арызын кім тыңдайды?

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев көпбалалы аналар тобымен кездесті. Аймақ басшысы көпбалалы аналармен бірінші рет кездесіп отырған жоқ, олардың мәселелеріне барынша ден қойып, шешу жолдарын қарастырып келеді.

Кезекті басқосуға облыстық басқарма басшылары да қатысты.
Мәселен, өткен жылы Таразда заманауи «Бақытты отбасы» орталығы ашылды, онда аналар кез-келген мәселе бойынша кеңес ала алады. Орталықта түрлі сала мамандарымен кездесулер ұйымдастырылып, заңнама негіздері түсіндіріледі.
Көпбалалы аналарға заңда көрсетілген барлық жәрдемақылар төленеді.
Нысаналы топ арасында қоғамдық пікірлерге байланысты сауалнамалар тұрақты түрде өткізіліп отырады, жедел шешуді қажет ететін проблемаларды анықтау мақсатында әлеуметтік желілер бойынша белсенді мониторинг жүргізіліп отырады.
Облыс әкімімен кездесуде көпбалалы аналар бала санына, табыс деңгейіне және әлеуметтік жағдайына қарамастан әр балаға 21 мың теңгеден төлеуді сұрады. Бұл ретте олар басқа жеңілдіктер мен жәрдемақылардан, соның ішінде АӘК, азық-түлік жиынтығынан, көп балалы отбасылар бойынша жәрдемақыдан бас тартуға дайын.
Аймақ басшысы барлығы мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты екенін атап өтті. Мұндай жәрдемақыны енгізу – қосымша 3 триллион теңгені қажет етеді. Сонымен қатар, ол мектептердегі балаларға арнайы берілетін ыстық тамақты алып тастауға үзілді-кесілді қарсы.
— Көбінесе ақшалай жәрдемақылар мүлдем басқа мақсаттарға бағытталады және балаларға жетпейді. Бүгінде арнайы әлеуметтік карта әзірленуде, ол бойынша қаражат тек балалардың қажеттілігі үшін ғана берілетін болады, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
Сондай-ақ, әйелдер тұрғын үй және жер учаскелері кезегінің баяу жылжу себептеріне, алты жасқа дейінгі балаларды тегін дәрі-дәрмектермен және бір жылға дейін балаларды қоспа-тағаммен қамтамасыз ету, тұрғын үй комиссияларына қатысу, шенеуніктердің қолжетімді болуына назар аудартты.
Облыс әкімі бірден жауапты адамдарға комиссия жұмысына қоғам өкілдерін неғұрлым белсенді тартуды, веб-сайттағы кезек күту тізімі мен тұрғын үйді пайдалануға беру кестесін тұрақты түрде жаңартып отыруды тапсырды.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, барлық дәрі-дәрмектер мен қоспалар бар.
Сонымен қатар, аймақ басшысы тұрғындардың дәрігерлерге қатысты көптеген сұрақтар туындап отырғанын баса айтты. Кадр тапшылығын шешу үшін медициналық университеттің филиалы ашылды, ақ халаттылардың жалақысы едәуір артты. Осыған сай сұраныс та қатаң болатындығын жеткізді. Ең алдымен, дәрігерлердің пациенттерге деген көзқарасын түбегейлі өзгертіп, кәсіби және жеке дамуына көңіл бөлу керек.
«Әрбір азаматқа мемлекеттік қызметтер толық көлемде көрсетілуі тиіс», — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
Электрондық базалар барлық бағыттар бойынша, соның ішінде тұрғын үйді пайдалануға беру және кезек бойынша нақты жұмыс істеуі қажет. Сонымен қатар, әрбір адам барлық қол жетімділікпен өз кезегін тексеріп, рәсімнің ашықтығы мен әділдігіне көз жеткізе отыруы керек.
Жеке тұрғын үй құрылысына арналған учаскелер көптен бері қажетті көлемде берілмеген. Мұндағы мәселе – инженерлік инфрақұрылым тарту және барлық коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету болып табылады.
Облыс әкімі әйелдерді мемлекеттік бағдарламаларға белсене қатысуға, шағын несиелер мен гранттарды пайдалануға шақырды. Өткен жылы 7800 адамға жалпы сомасы 4,8 миллиард теңгенің гранты берілсе, ал микрокредиттеу көлемі 5,4 миллиард теңгеден асқан.
— Ел бойынша ең төменгі табыс бізде, сондықтан біз өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлік бастаманы, шағын және орта бизнесті дамытуға, инвестициялар тартуға айрықша көңіл бөлеміз, — деді облыс әкімі.
Оның пікірінше, әлеуметтік павильондарды көп балалы отбасылар көп қоныстанған аудандарда ашу қажет.
Кездесуді қорытындылай келе Бердібек Сапарбаев облыс әкімімен өтетін мұндай кездесулер тоқсанына кемінде бір рет ұйымдастырылатынына сендірді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *