Диқандардың жыл бойғы еңбегі 112 қоймада сақталуда

Жамбыл ауданындағы егістік алқабынан алынған қыруар өнім 112 қоймада сақталуып келеді. Еңбек еткен шаруалардың өнімі шет мемлекеттер мен басқа да облыстарға тасымалданады.

Қойма жайына келер болсақ, Қаратөбе ауылдық округінде орналасқан «Kaz Pruk Laim» ЖШС-нің көкөніс жəне жеміс-жидек сақтау қоймасының сыйымдылығы 2 мың тоннаны құрайды. Серіктестік директоры Көшкенбай Құлманбетовтың айтуынша, қойма бүгінде көкөніс пен жеміс-жидекке толтырылыған.
Қазір қоймада 400 тонна алма, 200 тонна картоп, 200 тонна сəбіз жəне 170 тонна пияз ылғалды температурада сақталуда. Қоймада 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ қоймада Жамбыл, Байзақ, Т.Рысқұлов, Жуалы көкіністері бар. Ал, осыдан 12-15 жыл бұрын ауданымызда көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын қойма саусақпен санарлықтай болатын.
Ауданға қарасты Қарой, Гродиково, Полатқосшы, Қаратөбе, Ақбұлым, Айшабибі ауылдық округтердің бәрінде де қоймалар бар. Дені Полатқосшы ауылдық округінде. Мұнда 97 қойма бар. Қаройда 2, Гродиковода 7, Қаратөбеде 2, Айшабибіде 2, Ақбұлымда 2 қойма.
Ауданның бас агрономы Амангелді Әбдібековтің айтуынша, өңірде сиымдылығы 33789 тоннаны құрайтын көкөніс және жеміс-жидек сақ­тайтын 112 қойма бар. Бүгінде 51 қоймада 22293 тонна өнім сақталуда. Нақтырақ айтсам, 36 қоймада 19280 тонна пияз, 10 қоймада 2837 тонна сәбіз, 3 қоймада 126 тонна алма, 2 қоймада 50 тонна асханалық қызылша сақтауға қойылған, – деді ол.
Жалпы, ауданда пияз егуге баса ден қойылған. Нәтижесінде тышқан жылы 2400 гектарға пияздың универс, манас, пандора, голланд сұрпы егіліп, одан 120 000 тонна өнім алынды.
Ал үстіміздегі жылы пиязды дәл осы жер алқабына орналастыру жоспарда бар.
Табыстың тайқазанын тасытуға көбіне су тапшылығы үлкен әсер етуде.
Жамбылдық шаруалар тіршілік көзінен тарықпайтын болса, егістік көлемін ұлғайтуға ниетті.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ,
Жамбыл ауданы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *