ЕЛ ТЫНЫСЫНЫҢ КҮРЕТАМЫРЫ

Жер-жаһанды жайлаған пандемияға қарамастан ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласындағы жағдай қалыпты. Жылды сәтті аяқтап, кәсіби мерекесін толағай табыстармен қарсы алған сала мамандары артылған міндетті абыроймен атқарып келеді. Нақтырақ айтсақ, өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 63 млрд 500 млн теңгеге жуықтап, жоспар 2,7 млрд теңгеге артығымен орындалды.

Жалпы, аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 729890 гектар. Ал, оның ішіндегі егістік жерлер 138950 гектарды құраса, оның 42769,4 гектары суармалы алқап. Қалған 1849 гектары көпжылдық екпелер, 10479 гектары шабындық және 576912 гектары жайылым екенін айта кеткен жөн. Шаруашылықпен айналысуға табиғат жағдайы қолайлы, агралы әлеуеті жоғары осындай өлкеде ала жаздай еңбек еткен шаруалардың мол табысқа кенелмеуі мүмкін емес. Айта кетсек, биыл ауданымызда агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырып, егіс алқаптарын әртараптандыру мақсатында 120 мың гектардан астам жер игерілген. Мәселен, ерте көктемнен білек сыбана іске кіріскен қордайлық диқандар 40136 гектарға жаздық арпа, 23377 гектарға күздік бидай, 7661 гектарға дәндік жүгері, 5623 гектарға көкөніс, 1291,2 гектарға майлы дақыл, 711 гектарға бақша дақылдарын, 3675,3 гектарға картоп, 187 гектарға қант қызылшасын, 37970 гектарға азықтық дақыл, 80 гектарға жасыл бұршақ сеуіп, 14670 гектарды парға дайындаған.

Еркін Қатбеков,
Қордай ауданы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *