Балық шаруашылығын дамытуға серпін берілмек

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен барып, ауылшаруашылық және әлеуметтік нысандарды аралады. Алдымен аймақ басшысы Жасөркен ауылындағы «АрНұр» ЖК жаңа форель шаруашылығымен танысты. Кәсіпкер Руслан Сауранбаев 2019 жылдан бастап кәсіптік балық өсірумен айналысуда. Мұнда жылына 90 тонна тұқы тұқымдас тауарлы балық өндіріледі, ал келесі жылы 60 тонна форель қосу жоспарланып отыр. Көп ұзамай Алматыдан 125 мың форель шабағы жеткізіледі деп күтілуде.

— Біз қосымша аумақ алып, онда төрт бассейн салдық, оның біріне 70 мың шабақ жіберілді. Олар жүйелі және сапалы өсу үшін көп ұзамай әртүрлі су қоймаларына таратылады. Мен форельді өсіру технологиясын өз бетіммен зерттеп шықтым. Болашақта температураны, судың оттегімен қанықтылығын бақылай алатын және оларды тамақтандыратын маман дайындауды жоспарлап отырмын, — деді ол.
Бүгінгі күні шабақтардың салмағы шамамен 40 граммды құрайды, ал бес айдың ішінде олар 150-ге дейін өсуі керек. Кәсіпкер келесі жылы тағы бір бассейн салуды көздеп отыр. Ал болашақта ыстайтын орын мен мұздатқыш камералар орнатпақ.
— Балық шаруашылғы саласына мемлекеттен жақсы субсидиялар қарастырылуда. Жұмыс нәтижелері бойынша шаруалар есеп береді, оған сәйкес мемлекет азық-түлік шығындарының 30-50 пайызын төлейді. Өндіріс көлемін ескерсек, бұл айтарлық соманы құрайды. Жақын арада Жамбыл облысында осы саланы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған сегіз форель шаруашылығы іске қосылады, — деді табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аслан Оразбеков.
Сондай-ақ, шаруашылық аумағында семинар өтіп, оған қатысушылар саланың болашағы мен балық өсіруді дамытудың алдағы жоспарларын талқылады.
— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында біздің аймақтың жоғары әлеуетін атап өткен болатын. Су қоймаларының көптігі бұған дейін қалтарыста қалып келген балық өндірісін белсенді дамытуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Құлан агротехникалық колледжінде 15 адам осы мамандық бойынша үш айлық курстан өтдуе. Дегенмен, егер біз үлкен жетістікке жететін болсақ, онда бүкіл облыс үшін кадрларды даярлауда бір ғана білім беру мекемесімен шектеліп қалмау керек , — деді аймақ басшысы.
Аслан Оразбеков Жамбыл облысында форель өсіретін үш ферма іске қосылғанын баса айтты. Оның екеуі — Қордай ауданында, біреуі — Жамбыл ауданында. Жақын арада осы секілді тағы бес кәсіпорын ашылады деп күтілуде екен.
— Бұл шаруашылық үшін 20 өзен ұсынылды. Оның алтауы Т.Рысқұлов ауданында, төртеуі Қордайда және Меркі мен Жуалы аудандарында бес өзенен. Ондағы судың температурасы мен құрамы форель өсіруге өте қолайлы. Тараз гуманитарлық-инновациялық университетімен «Балық шаруашылығы» мамандығын оқытуды қолжетімді бағдарламалар қатарына қосу туралы келіссөздер жүргізілуде, — деді ол.
Бердібек Сапарбаев балық аулау саласын субсидиялау мен ынталандыру жөніндегі әзірленіп жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы айтты. Ол сондай-ақ ірі инвестициялар кейде алаяқтарды қызықтыратынын атап өтті.

— Барлығына субсидия бере беру де болмайды. Адам арнайы білім алып, бизнес-жоспарын әзірлеп, бекітуі тиіс. Сондай үміткерлердің арасында конкурс өткізу қажет. Сауатты идея мен қажетті бейімділік болмаса, балық өсіруге байланысты тәуекелдер ақталмауы мүмкін, — деді ол.
Балық шаруашылығын ашу немесе кеңейтуге 20 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар мен жеңілдетілген несиелер беріледі. Егер қазір облыс жылына шамамен мың тонна форель өндіруге қауқарлы болса, 2025 жылға дейін өндірісті үш есеге, ал 2030 жылға қарай жылына бес мың тонна форель өндіру жоспарлануда.
— Сіздерге бұл орайда балық шаруашылығы және демалыс ұйымдастыру секілді екі тиімділікті қатар дамытуға мүмкіндік бар. Мысалы, мұнда демалуға арналған 11 күрке орнатылған. Адамдар әрі демалып, әрі балық аулайды. Өздері аулаған балық үшін ақы төлейді, — деп қосты Б.Сапарбаев.
Семинар барысы Құлан колледжінің бес түлегіне сертификаттар табыстаумен түйінделді.
Аймақ басшысы ат басын бұрған келесі нысанды «Малға арналған айып тұрағы» деп атауға болады. Мемлекеттік шекарадан алыс емес, Жасөркен ауылына жақын маңда қарапайым күзетілетін жайылым аумағы орнатылған. Мұнда контрабандаға күдікті адамдардан тәркіленген жылқылар мен басқа да малдар уақытша орналастырылатын болады. Егер жылқыны шөппен азықтандыратын болсақ, онда оның күнделікті шығыны қазынаға мың теңгеге жуық, ал құрама жемді қоссақ 500 теңгеге жуық көлемді құрайды. Бұл шығындар бюджетке ауыртпалық түсірмейді, ол заң бұзушыдан сот тәртібімен талап етіледі. Ел аумағына заңсыз әкелінген мал сатылып, қаражат жергілікті бюджетке түседі.
Келесі нысан – Жамбыл облысы Жалпақ төбе ауылындағы Ислам Сабиров басқаратын «Надежда» шаруа қожалығының көкөніс қоймасы болды. Нысан заманауи технологияларды қолдана отырып салынған. Бір қойманың сыйымдылығы – екі мың тонна өнімге шақталған. Қойма Германияда өндірілген тоңазытқыш құралдарымен және қажетті температураны ұстап тұратын датчиктермен жабдықталған. Екінші қоймада, әсіресе пиязды сақтауға арналған автоматтандырылған желдету жүйесі орнатылған.
«Надежда» шаруа қожалығы 72 гектар аумақта сәбіз, пияз, қызылша, шалғам және картоп өсірумен айналысады. Егістік алқаптарында заманауи суару жүйелері қолданылады. Тек жоғары сапалы тұқым пайдаланылады десек, бұл өткен жылы 280 тонна картоп, 1500 тонна сәбіз, 50 тонна қызылша, 30 тонна шалғам, 2000 тонна пияз алуға мүмкіндік берген.
— Мен 2016 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 29 миллион теңге несиеге қол жеткізіп, 1800 шаршы метр болатын көкөніс қоймасының құрылысын бастадым. Автоматты тамшылатып суару жүйесін енгізу үшін мен тағы 45 миллион теңге несие алдым. Жаңа технологияларды енгізудің арқасында көкөністерден жоғары өнім алып отырмын, — деді Ислам Сабиров.
Сондай-ақ, Жалпақтөбе ауылында облыс әкімі ауылшаруашылық тауар өндіруші Тахир Мұсаевтың көкөніс қоймасының жұмысымен танысты. 3000 тонна пияз сақтауға қауқарлы қоймада арнайы тоңазытқыш жабдықтары орнатылмаған. Әр көкөніс үшін арнайы сақтау режимі әртүрлі десек, әдеттегі бөлмеде пиязды ғана ұзақ уақыт сақтауға болады. Осы себепті Тахир Мұсаев әлі басқа дақылдарды өсіруге ден қоймай отыр, дегенмен қант қызылшасын өсіруге ниетті.
— Мен бұрын сәбіз егетін едім. Бірақ сәбізді сақтау кезеңдерінде ылғалдылық пен температураның әртүрлі режимін қамтамасыз ету керек. Маған арнайы жабдықталған бөлмені жалға алуға тура келді. Биыл ол үшін өз күшімізбен сыйымдылығы 3500 тонна болатын көкөніс қоймасын салдық. Қазір пияз өсіріп, оны сақтаймыз. Пияз алқабы 70 гектарды құрайды десек, оны кеңейтуге күшіміз жетеді, бірақ бос жер жоқ. Кеңейту үшін жеке шаруа қожалығын құру керек. Сонда ғана мен субсидияларға, жеңілдетілген несиелерге қол жеткізе аламын. Болашақта көкөніс қоймасына желдету және ауаны ылғалдандыру жүйелерін, сондай-ақ ауаны жасанды салқындатуға немесе жылытуға арналған қондырғыны енгізгім келеді. Сондай — ақ, қант қызылшасына бірнеше гектар жер бөлуді жоспарлап отырмын, — дейді Тахир Мұсаев.
Жеке кәсіпкер Ришат Исмазовтың көкөніс қоймасы да жуырда пайдалануға берілді десек, ол 528 шаршы метрді алып жатыр, сыйымдылығы 500 тоннаны құрайды. Мұнда тиісті жабдықтар, микроклиматты бақылау жүйесі орнатылып үлгермеген. Қойма толық келер жылы ашылады. Шаруашылық иелігінде тек жеті гектар ғана жер бар. Әзірге суару арықтары пайдаланылуда десек, алдағы уақытта тамшылатып суаруға көшу жоспары бар. Болашақта егіс алқабын 10 гектарға дейін ұлғайту көзделуде. Жақында мұнда пияз жиналған. Өнімдер пияздың қолайлы бағасы кезінде ішкі нарыққа шығарылмақ.
— Жамбылдық пияз брендке айналуы тиіс. Оны басқа өңірлер және көрші елдер де сатып алатындай болуы керек. Қазір өнімді келісін 45 теңгеден келісімді бағамен көрші облыстар мен елдерге сатудың қажеті жоқ. Тиісті жағдайда оны сәуір айына дейін сақтауға болады, демек оны ақпан айында жергілікті тұрғындарға тиімді бағамен сатқан дұрыс. Қазір оны болар-болмас ақшаға сатып, қайтып сатып алу керекпіз? Қоймалардың көлемін ұлғайтып, олардың техникалық жабдықталуын жақсарту маңызды, — деді Бердібек Сапарбаев.
Бұдан кейін аймақ басшысы «Jambyl Et MS»ЖШС ірі қара мал өсіру фермасының жұмысымен танысты. Мұнда асыл тұқымды мал өсіру курсы өтеді. Шаруашылықта «ангус» тұқымды 1000 бас сиыр бар. Келер жылдың басында олар алғашқы төлдерін береді деп күтілуде. Кәсіпорынның бас директоры Светлана Шаушенова ферма айтарлықтай табысты дамып келе жатқанын, жоғары табысқа қол жеткізу үшін қолда бар үй-жайларды ыңғайластырылғанын атап өтті. Күрделі жөндеуге 82,7 миллион теңге жұмсалған. Сонымен қатар, серіктестік ауыл шаруашылығымен айналысады. Жалпы 19 мың гектар жері бар десек, оның 14 мың гектары жайылым, алты мың гектары егістік жер. Яғни, жем-шөпке қатысты қиындықтар жоқ, биыл егістіктен 600 тоннадан астам пішен және 110 тонна арпа алынған. Компанияда МТЗ-952 маркалы екі трактор, екі тиегіш, УАЗ маркалы автомобиль, дезинфекциялау жұмыстарына арналған арнайы жабдықталған техника бар. Жалпы, машина-трактор паркі 27,2 миллион теңгеге жаңартылған. Компанияда 37 жергілік тұрғын еңбек етеді, олардың орташа жалақысы 120-150 мың теңгені құрайды. Келесі жылы жұмысшыларға заманауи технологиялар көмекке келіп, ол бойынша автоматтандырылған жабдық орнатылмақ. Әр сиыр туралы ақпарат компьютерге енгізіледі. Арнайы сенсор арқылы оның жағдайы, жүрген жері туралы білуге болады. Жуық арада кәсіпкер мал басын екі мыңға жеткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, компания сүт бағытын дамытуға ниетті. Біз «Аграрлық несие корпорациясының» қаржылық қолдауының арқасында жұмысымызды жандандырдық. 1,1 миллиард теңге несиеге қол жеткіздік. Сондай-ақ 400 миллион өз қаражатымызды салдық. Бүгінгі таңда 135 миллион теңге өтелді. 600 басқа 225 миллион теңге субсидия аламыз, — деді С.Шәушенова.
Өңір басшысы компания басшылығына жүйелі ұйымдастырылған жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі..

Облыс әкімінің
баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *