Ешкі сүтінен сабын жасауда

Т.Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылының тұрғыны Кенжебек Сейдахметов ешкі сүтінен ерекше сабын жасауда. Шаруа «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы 4 миллион теңге несие алып, голландиялық «Заанен» және пәкістандық «Биттал» тұқымды ешкі сатып алған.

Асылтұқымды «Биттал» ешкісі тәулігіне 25 литр сүт берсе, бір ешкінің құны – 1,5 мың доллар. Ал «Заанен» ешкісінен тәулігіне 5 литр сүт сауылады. Кәсіпкер бұл кәсіпке инсульт алып ауырғаннан кейін келген екен. Кенжебектің сөзіне сүйенсек, дертіне дәл осы ешкі сүті дауа болыпты. Сол себепті ол осы бизнеспен айналыса бастаған.
Қазір шаруаның ешкісіне деген сұраныс жоғары. Құрт, ірімшік, сүзбе сынды өнімдерін тіпті тұрғындар кезекке тұрып алуда. Ал карантин кезінде кәсіпкер тың тірлікті игеру мақсатында онлайн курсқа жазылып, ешкі сүтінен сабын жасау тәсілін үйренген. Бүгінде балаларға арналған сабынды ойыншық пішінде әзірлеп, 500 теңгеден өткеруде. Ал ересектерге арналған сабын – 700 теңгеден сатылып жатыр.
Сабын еш химиялық қоспасыз жасалатындықтан түрлі тері ауруларына да ем. Бұдан бөлек кәсіпкер сабынның сапасын арттыру үшін оған түрлі пайдалы майлар қосады екен. Енді Кенжебек мемлекет тарапынан қолдау болса, білген-түйгенін кейінгі ұрпаққа үйретсем деп армандайды. Біз жерлесіміздің мақсатына жетуіне тілектеспіз.

Саян Тілеужан

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *