Кесапат келін

(Жалғасы. Басы өткен сандарда)

Құндыз өкпелегендей сыңай танытып бөлмесіне кіріп кетті. Артынан енесі мен Әсемнің жанжалдасып жатқанын естіп, жоспарының бір бөлігі іске асқанына қуанып аяғын аспанға көтеріп жатты. Кешке Нұрлан келер уақытта бөлмесінен шығып өтірік тірлік істеп жүрген адамның кейіпіне енді. Құндыздың кесірінен еш жазықсыз енесінен сөгіс естіген женгесі қабағын түйіп, үн түнсіз тірлік істеп жүрген болатын. Оның ашулы екнін Нұрлан да байқады. Түн болып әр кім өз бөлмесіне кіріп кетті. Құндыз өзінің жоспарының екінші бөлігін орындауға кірісті. Өтіріктен ыңқылдап ауырған адамша ыңырсып келіп төсекке жатты.
— Не болды ауырып тұрсың ба? Саған дәрігерлер көп қимылдама бір аптадай күтін демеппе еді?
— Женгемді көрдің бе?
— Ия.. Өзі бірдеңеге ашулы сыяқты. Не болды тыныштық па?
— Мен ештеңе істемей жатқаным үшін ашуланып ұрыс шығарды.
— Қойшы. Женгем ондай емес. Тірліктен қашқан адам емес.
— Сонда мен өтірік айтып тұрмын ба?
— Білмеймін ғой енді.
— Ішім қатты ауырып тұр. Дәрігерлер төсектен тұрмай күтін деп еді. Жаным мен бұл үйде жата алмаймын. Жеңгемнің ашуланғаны жаныма батып одан әрі қинала түсем. Мені төркінге жіберші. Анам бар жағдайымды жасайды. Өтінем мен үшін болмаса да сәбиіміз үшін.
Құндыз өз жоспарын сәттті орындап, жарын дегеніне көндірді.
Нұрлан женгесіне ашулана қасынан көзін алартып өтіп, анасы мен сөйлесті.
— Апа. Қүндыз екі үш күнге төркініне барып қайтсын. Біраз күтініп, ауырғаны басылғанша сонда бола тұрсын.
— Балам ау үйде де күтініп жатқан жоқ па?
— Күтінгені осы ма? Түні бойы ауырып көз ілмей шықты. Маған сәбиімнің аман есен дүниеге келгені маңызды. Басқасына түкіргенім бар.
Баласының ашуланып тұрғанын, бірдеңе деген мен қүлақ аспасын білген анасы еш қарсыласпады. Осылайша өз мақсатына қол жеткізіп, төркініне барып сауық сайран құрып, дүкен аралап мәз болып қайтты. Сіңлісінің келгенін естіген Маржан сағынышын басып әңгімелеспек болып келіп еді. Сіңілісін құрбылары мен мейрамхана аралаудан босамады. Сіңлісінің еш өзгермегенін байқап, іштей ол үшін алаңдап қалды. Анасы екеуі бір бәлені былықтырып жүргенін іштей сезді. Сіңілісі көшеге кеткеннен анасын тергей бастады.
— Апа сендер не былықтырып жүрсіңдер? Тығылып алып гүбір, гүбір не әңгіме? Маған да айтсаңшы.
— Жәй қызым мен әңгімелесіп отырмын. Онда тұрған не бар?
— Мен де сенің қызың емеспін бе? Ендеше маған да айт. Күнде қыдырып, дүкен аралайтындай ана қыз ақшаны қайдан алып жатыр?
— Қайдан алушы еді? Күйеуі берген да. Не болыпты қыдырса.
— Апа ол енді бұрынғыдай қыз емес. Біреудің әйелі, біреудің келіні қыздай болып келте көйлек киіп, шашын жайып кеткені не? Кішкене ана болып ақыл айтсаң қайтеді?
— Әйел болса болды орамалға бүркеніп, ұзын көйлек киюі керек пе? Қалағанынша жүре берсін.
— Апа бұл шағын ауыл. Құда құдағиыңыз көрші ауылда тұрады. Олардың құлағына жетсе ұятқа қаламыз.
— Елдің бәрі сен секілді аңқау емес. Оның ақылы өзіне жетеді. Ол үшін алаңдамайақ қой.
— Ақылы жететіндей не істепті?
— Оның қолынан бәрі келеді. Өз басын өзі сүйреп жүре алады.
— Қолынан бәрі келеді? Апа күлкімді келтірмеші.
Ғалия шыдай алмай Құндыздың бар істерін мақтана отырып баяндап берді.
— Масқара… Айтарға сөзім жоқ. Оны қоя берші әлі бала. Ал сізге не жоқ апа? Дап дардай басыңыз бен ұялсаңыз қайтеді? Ақыл айтып оны жөнге салудың орнына қолпаштап отырғаныңыз қалай? Өзіңіз де ұл өсіріп отырсыз. Сізге де өз қызыңыздай келін келсе қайтесіз? Құдайдан қорықпайсыз ба? Сендер мен әңгімелесіп көңілім жадырап қайтамын ба деп келіп едім. Келгеніме өкініп кеттім. Сендер үшін қатты ұяламын. Сау бол.
Маржан ашулана кетіп қалды. Өзі жүктіліктің әсерінен көңілшең болып жүрген болатын. Жол бойы анасы мен сіңілісі үшін ұялып жылай берді. Ал Құндыз ақшаның түбі көріне бастаған соң, үйіне қайтуға дайындала бастады. Нұрлан жұмыстан соң алып кетуге келіп, бір сөмке мен келген қыз, үш сөмке көтеріп шыққанда Нұрлан таңданып біраз тұрып қалды. Ата енесінен ұялып үндемеп еді, жолай ішіндегін шыдай алмай жайып салды.
— Байқаймын базарлығың мол сияқты. Сен өзі күтінуге келдің бе, әлде базар аралауға ма?
— Не болыпты алсам? Өзіме қажет дүниелерді алдым.
— Жаным ау артыңнан кеше ғана келген, киімдерің аздық етіп жатыр ма? Жаңа күйінде тұр емес пе бәрі? Осы жеңгем алты жылдан бері сол артынан келген киімдерін киіп жүр ғой.
— Уф тағы жеңгем, жеңгем. Мені онымен салыстырғанды қашан қоясыңдар осы?
— Үйлену оңай, үй болу қиын деген. Ақшаны үнемдеп жинап үй алатын әрекет ету керекпіз.
— Үй? Қайдағы үй?
— Енді болашақта өз алдымызға отбасы болмаймыз ба? Ол үйге сыймаймыз бәріміз.
— Неге біз кетуіміз керек? Сонда ағаң дайын үйге ие болып қалады ма?
— Ол үйді онсызда әр бір кірпішін қалап, ағам өзі тұрғызған. Мен оқу оқып тайраңдап жүргенде.
— Онда әке–шешең алып берсін. Солардың міндеті емес пе?
— Бұл өмірде әр адам өз тіршілігін өзі домалатады. Біздің өмір сүргеніміз біреуге міндет емес.
— Онда үйге қажетті азық түлікті тасыма. Апа атамның зейнетақысы бар емес пе? Сол кісілер алсын. Ағаң істей алмаса жеңгеңнің аяқ қолы сау ғой. Өзі жұмыс істесін. Олардың да жеп ішкені бізге міндет емес қой.
— Осындайыңды қашан қоясың? Өзің ашуыма тиіп зығырданымды қайнатасың.
Құндыз түк болмағандай үйіне келіп тірлігін істеп жүре берді. Енесі мен абысынына Нұрланның ақшасына алған киім кешек заттарын «анам алып берді» — деп көкірек кере мақтанды. Бағына орай Әсем кекшіл, өкпешіл емес. Ештеңе болмағандай келініне жаны ашып «ананы көтерме, үйтпе, бүйтпе, өзім істей саламын, саған көтеруге болмайды, аздап жатып демалып ал» — деп, келінінің асты үстіне түсіп әлек. Оның қадірін білер келін жоқ. Тірліктен қашып ыңқылдайды да жүреді. Талғат пен Мариям әулеттің үлкені болған соң барар жерлері көп. Өлімі бар, тойы бар. Зейнетақылары өздеріне жетпей қалмаса, артылар емес. Бағлан болса жұмыс жасайын деп тырысқан мен белі ауырып, екі бүктеліп қала берді. Әсемде әйел заты болған соң қажет заттары болары сөзсіз. Енесі мен ақылдаса келе жұмысқа орналасты. Балабақша асханасына аспаз болып орналасты. Таңертең ерте тұрып сиырларын сауып, сүт айранын пісіріп жайғастырып, үй ішіне таңғы шайларын беріп кетеді. Ол кетер уақытта ерке келін енді ғана ұйқысынан оянып көзін уқалап шығады. Тірліктің көзін таппайтын мылжың келін, кешке дейін түкте бітіре алмайды, оны көрген ененің ашуы келері айдан анық. Шыдай алмай алпысқа келген енесі өзі қамырын илеп, үйін жинап кетеді. Ашу үстінде «Әсем келін үйде болғанда бұлай жүрмес едім, қиналмас едім »- деп күбірлеп жүреді. Құндыздың татымы жоқ, , езілген ботқа тамақтарын амалсыздан жеп отырып , тағы сол Әсем келінін мақтап айтып қоя береді. Бұл Құндызға ұнамай , жеңгесіне деген өшпенділігі арта түсті. Кішкентай бөпесі мен Құндыз келін болып түскелі төркініне жете алмай жүрген үйдің үлкен қызы Құндыздың қайны әпкесі , Әсемнің қайны сіңілісі Бағила төркіндетіп қыдырып келді. Отбасына сыйлы келін болған соң ата – енесі құда – құдағиларына арнап тәттілерін молынан, апа — жеңге, келініне көйлек орамалдарын беріп жіберіпті. Мариям қызы дем алсын деп, жиен немересіне өзі қарайлап, бесікке салып әлдилеп отырды. Келіні мен жақын танысып әңгімелеспек болып, жанына барды.
— Келін қалайсың? Қалай біздің үйге үйреніп қалдың ба?
— Ия ақырындап. Бірақ оңай емес екен.
— Ой алаңдама Әсем жеңгем өзі бәрін үйретіп, бір жылда мощный супер келіншек етіп шығарады (тағы сол Әсемді мақтағаны Құндызға ұнамай қалды). Біздің үйдің адамдарының бәрі ақ көңіл жандар. Көпте емес . Сен менің барған жерімді көрсең. Он бір ағайынды. Алты келінбіз. Мен ең кішісі. Бір үйде төрт келін бірге тұрамыз.Енем қатал адам. Бірақ сол қаталдығының арқасында бәріміз бір шаңырақ астында өмір сүріп келеміз. Ал біздің апам алтын адам ғой.
— Білем бәрі өте тамаша жандар. Үнемі бар жағдайымды жасап жүреді. Бірақ өзім бөтен жерге, бөтен адамдарға үйренісе алмай жүрсем… (Құндыз жыламсырап төмен қарады).
— Ия не болды?
— Сізге айту ыңғайсыздау болып тұр.
— Айта бер қысылма..
— Бұрындары ойлайтынмын тұрмысқа шықсам ата енемді өз әке–шешемдей көремін. Күйеуімнің аға, әпке, қарындастарын өз бауырларымдай көремін деп. Бірақ келген күннен Әсем жеңге бәріңізді жамандап көңілімді суытып тастады. Көңілім суыған соң өзіме жақын тартып үйренісе алмай жүрмін.
— Қойшы… Сонда Женгем не айтты?
— Мені кешіріңізші. Сізге бекер айттым ау. Ту менде аузыма иелік ете алмай қалам бар ғой.
— Айтсаңшы енді.(Құндыз ештеңе айта алмас еді. Себебі Әсем еш бір жанды жамандаған емес болатын. Айтары жоқ суайт келін, әпкесінен құтылуға тырысты.)
— Әпке оның бәрін айтып көңіліңізге қаяу түсіргім келмейді. Тек өтінем арамызда қалсыншы. Үйде ұрыс шыққанын қаламаймын.
— Басын бастадың айт енді. Айтпасаң бастамауың қажет еді.(Құндыз әпкесінен құтыла алмасын біліп, не істерін білмей тұрған да Бағиланың бөпесі шыңғырып Мариямды шақырып қалды. ) Құтылғанына қуанып, әндетіп тірлігін істей бастады. Қайны сіңілісін жанындай жақсы көретін Әсем сол күні Бағлан жұмыс істеп жүргенде жиған ақшасын жаратып, базарлық жасап, Бағиланың баласына, өзіне киім кешек анау мынау алып қуана үйге келді.
Қайны сіңілісін құшақтап жағдайын сұрап әлек.
— Қалайсың Бикеш? Аман есен аяқ қолыңды жинап алдың ба? Ренжіме бара алмадым. Мынау кішкентайыңа деп алдым. Азда болса көптей көр.
Әккі келінінің қулығына сеніп қалған Бағила женгесіне жылы қабақ таныта қоймады. Сұрақтарына әрең қинала жауап берді. Әсем не болғанын түсіне алмай ойлана өз бөлмесіне киім ауыстыруға кіріп кетті. Қайны сіңлісінің көңілін табам деп, сүйікті тамақтарын, тәттілерін, самса бауырсағын пісіріп, шаршағанына қарамай жайнатып дастархан жайды. Тамақ үстінде де Бағила қабақ түйіп, ашуланып отырды. Үнемі сүйсініп жейтін женгесінің тағамдарын жегісі келмей түрткілеп қоя салды. Әсем ештеңе түсіне алар емес. Құндыз болса бұл жағдайды бақылап мәз. Бір аптаға демалуға келген қыз, екі күннен соң қайтып кетті. Оның қапа болып кеткені Әсемге маза бермеді. Бағланға айтып еді үндемей күрсініп қойды. Бағлан келінінің қарындасына Әсем жайлы айтқанын естіген болатын, бірақ үйде ұрыс жанжал болмасын деп үндемеуге бел буды. Салақ, олақ келіннің тірлігіне көңілі толмай әбден шаршаған Мариямның шыдамы шегіне жетіп келініне ашу мен біраз әңгіме айтты.
— Әй келін қашан саған ақыл кіреді айтшы? Күнде айта, айта шаршадым. Үйренетін кезің жетті ғой. Мынаны қарашы қалған құтқан қамырдың бәрі жиналып көгеріп кеткен. Оны тағы мені көрмесін деп тығып қойыпсың. Осыны жайып кеспе етіп кесіп қоюға болады емес пе? Әр нәрсенің обалы болады. Үнемі осындайсың. Үйдің бәрі шаң басып жатыр. Түс болды. Түскі асқа не нан жоқ. Не тамағың дайын емес. Қазір атаң малдан келсе маған сөйлеп миымды жеп қояды. Таңнан бері бітірген бір тірлігің жоқ.

(жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *