Кесапат келін

(Жалғасы. Басы өткен санда)

Осы үйдің берекелі, мерекелі болуы екеумізге байланысты. Біз тату болсақ осы әулет, мына екі ағайынды тату болады. Әпкелі сіңлілі болып сырлас, мұңдас болып жүрейік. Айтқандай менің Нұрасыл балам кішкене еркелеу. Әбден күттіріп төрт жыл дегенде дүниеге келген. Ата апасы әкесі, аға әпкелері әбден еркелетіп жіберген. Кішкене бұзықтығы бар. Көңіліңе тиер іс жасап жатса ренжімеші өтініш. Өсе келе есі кірер деп үміттенемін.
— Рақмет жеңге.
Құндыз абысынының сөздеріне мән бергендей сыңай танып күлімсірегенмен, іштей сол баяғы әдеті өзім білем деп отыра берді. Әсемнің сөздерін елеп ой елегінен өткізген де жоқ. Кім мен сөйлесе де Әсемді мақтайды. Сондай бол, содан үлгі ал дегені деген. Бұл сөздер іші тар Құндыздың ашуына тиетінінен бәрі бейхабар еді. Үнемі Әсем мен есептесе тірлік жасап жүрді. Одан кем болмаса артық тірлік жасамайтын. Нұрлан өзі сондай балажанды болатын. Нұрасылдан ештеңесін аямай күнде кешкісін пәкетін көтеріп дүкендегі бар тәттіні көтеріп келетін. Көлігіне мінгізіп ауыл ішін бір аралатып сосын ғана шай тамағын ішетін. Ал бұл жағдай Құндызға мүлде ұнаған емес. Соның кесірінен екеуі талай ұрысып та қалды. Түні бойы шаршап шалдығып келген Нұрланның миын жейтін.
— Ақшаң көп қой ия. Нең бар соншама зат әкеліп?
— Әкелсем не болыпты? Бала емес пе? Жесін, ішсін.
— Өзінің әке шешесі бар емес пе? Солар алып берсін?
— Жаным маған ешкім сен әкел деп міндет артып қойған жоқ. Өзім солай қалағандықтан жасап жүрмін.
— Оданда сол ақшаны маған берсең болмайды ма?
— Құндыз беріп жатырмын ғой саған да.
— Ана ағаңа қарашы…
— Жетер енді. Әбден мезі еттің. Ағаң апаң, женгең, деп. Менің отбасы мүшелерім жайлы бір ауыз жаман сөз айтар болсаң…
— Не істейсің? Ұрасың ба? Ұр кәне…
— Құндыз мені мәжбүр етпе…
— Ұр деймін кәне.
Нұрлан ашуға булықты. Бұл жағдай алғашқы рет емес еді. Үнемі өзін ұстай алатын жігіт бұл жолы ашу мен әйелінің жағынан салып жіберді.
Құндыз дереу киімдерін киіп кетемінге салды.
— Қайда барасың?
— Үйіме кетемін..
— Өзіңғой мені осыған мәжбүр еткен. Неге мені түсіне алмайсың? Ағам өзі оқымаса да мені оқытты. Өзі мінбеген көлікті маған алып берді. Ағам үшін не істесем де артық етпейді. Маған жасаған жақсылықтарының жанында Нұрасылған алып беретін тиын тұратын заттар түкте емес. Түсінсеңші.
— Мен де адаммын ғой. Сенде мені түсін. Менің де қолымда ақша болғанын қалаймын. Ары бері көшеге шыққанда бір нәрсе жегім келеді.
— Беріп жатырмын емес пе? Сол саған аз ба?
— Ол ақша неге жетеді дейсің?
Нұрлан ашу мен жарына қол көтергені үшін ыңғайсызданып. Жанын қоярға жер таппай, оны риза етеу үшін бар талабына келісті. Негізгі мамандығы программист. Қалада шағын дүңгіршегі бар. Сол жерде ұялы телефон жөндеп, программалар орнатып халыққа қызмет көрсетеді. Бұзылған телефондарды алып жөндеп сатататыны тағы бар. Күнделікті отыз мыңнан кем таппайды. Ағасы Бағлан болса құрылысшы. Қолынан келмейтіні жоқ. Қасында екі жолдасын ертіп шағын бригада болып тапсырыс қабылдайды.Жұмысы ауыр болғанмен табысы соған лайықты. Үй соғу оған түкте емес. Биік шатыр үстінде өрмекші адамдай жүре береді. Ауылда біреудің үйін соғып жатқан болатын. Сол күні жаңбыр себелей бастады. Бағлан жолдастарының сөзіне құлақ аспай кішкене ғана қалған шатырдың бір бөлігін жабу үшін төбеге шығып кетті. Енді ғана бітіп бойын тік көтергені сол еді , су болған шатырдан аяғы сырғанап ,шатырдан доптай домалап келіп, жердегі үйілген тастың үстіне құлады. Жолдастары көмектесуге талпынған мен қолдан келер қайран болмады. Дереу жедел жәрдем шақыртып , үй ішіне хабарласып ауруханаға алып кетті. Алып ұшып баласы үшін қайғыдан құса болған әке шеше көп жедел жәрдемнен бұрын ауруханаға жетіп үлгерген екен. Басы жарылған бет әлпеті қаннан көрінбейтін баласын көргенде ата анасының қан қысымы көтеріліп оларға да медбикелер тиісті көмекті көрсетті. Алла қолдап басына аса зақым келе қоймаған екен. Тек беліне зақым келгені болмаса. Дәрігерлер алты ай бойы тегіс қатты жерде жатуын, ауыр салмақ көтермеуін, тек арнайы корсет пен жүруін қатаң тағайындады. Ата-ана, жарының көңілі сәлде болсын жай тапты.
Бір аптадай травматология бөлімінде жатып, ем шарасын қабылдап, бір неше тексеруден өткен соң үйіне босатылды. Еш бір жұмысқа жарамай қалғаны Бағланның жанына батып, арына маза бермей қойды. Енді үйдің бар шығыны бауыры Нұрланның мойнына артылды. Бұл жағдай Нұрлан мен Құндыздың жиі жанжалдасуына себеп болды. Бала десе шығар жаны бөлек Нұрлан әйелінің жүкті екенін білгендіктен ашуланса да оған қатты ұрсып, қол көтере алмайтын… Оның бұл әрекетінен хабардар жары ішіндегі сәбиін қару ретінде пайдаланып үнемі айтқанын істететін. Қазіргі жастардың құмары бірді зиянды заттар тез дайын болатын, лаваш, чикен, бургер дегенді күнде қаладан алдырып түні бойы тығылып жейтін. Бұл үйде бұрын соңды ондай болмаған соң енесі Мариям ашуланып қалды. Екеуін отырғызып біраз ақылға шақырмақ болды.
— Балам ау сенің мұның не? Бұрын соңды мұндайың жоқ еді. Мейлі түсінемін жарың екі қабат жегісі келер. Бірақ осылай тығылып жеу керек пе? Өле жегенше,бөле же деген. Бәрінің тесік тамағы бар. Иісі бұрқырап тұрған соң бәрінің жегісі келеді. Әкелсең бәріне әкел..
— Бәріне әкелетіндей Нұрланның ақшасы көп дейсіз бе? Онсызда бүкіл азық түлікті тасып, газ, су, жарығыңыздың ақшасын төлеп отырған жоқ па?
— Мен ұлым мен сөйлесіп отырмын. Сен араласпа.
— Неге араласпайды екенмін. Бір өзі қаншама адамды асырап отырғанын біле тұра ұрсуға қандай ақыңыз бар?
— Құндыз жап аузыңды. Ашуыма тиме. Мен саған бұл тақырыпты қозғама дегенмін.
— Мен айтсам шындықты айтып отырмын. Қайнағаның жатқанына екі айдан асты. Оның дәрісін әкелсе Нұрлан жақсы. Еркебаланың бала бақшасының ақысын төлесе Нұрлан жақсы, азық-түлік алып келсе Нұрлан жақсы болады. Бір әйелінің жерік асын алып берсе Нұрлан жаман бола қала ма?
Бұл сөздерді көрші бөлмеде есітіп жатқан Бағлан шыдай алмай орнынан әрең тұрып сыртқа шығып кетті. Нұрлан ашуға бұлыққаны соншама ақылынан айырылып әйелін жатын бөлмесіне сүйреп алып барып ішке итеріп жіберді.
— Дереу киімдеріңді жина. Үйіңе кетесің. Қит етсе кетемін деуші едің. Ал кәне жинал өзім ақ сені жеткізіп тастаймын. Бір балам сыртта өссе өсер де қайтейін. Кәне жинал. Кетесің.
— Балам қой олай жасама. Мен тек..
— Жоқ апа. Сіздің еш кінәңіз жоқ. Әбден мезі болдым бұл қатыннан. Шаршатып жіберді. Күніге осы.
— Қой қайтесің ақылға келер бір күні..
— Апа бұған туыстық қатынас, сыйластық, махаббат маңызды емес.
Құндыз бұл үйден кете алмас еді. Өйткені Нұрлан қызба мінез болғанмен ырқына көніп, дегенімен жүруші еді. Осы сәтте қулыққа көшіп, ішін ұстап жерге екі бүктеле жата қалды.
— Ішім, ішім ай.
— Әй келін не болды?
— Апа ішім бүріп ауырып барады.
— Нұрлан дереу жедел жәрдем шақыр. Нұрлан әйелінің құрсағындағы өз қанынан жаратылған сәбиі үшін алаңдап, әбіргерге түсті. Мұны көрген қу қатын одан бетер байбалам салып шыңғыра жөнелді. Әсемде жүгіріп келіп келінін жұбатуға тырысты.
— Жаным қорықпа. Саған да, балаңа да ештеңе болмайды. Алла қаласа бәрі жақсы болады. Жылама. Қайным кәне көтеріп төсекке жатқызайық. Аяғын жоғары көтеріп жатсын. Нұрлан жақындаған сәтте, оны бұл ісіне өкіндіру, өзіне бағындыру мақсатында одан әрі рөліне кірісіп, шу шығарды. Қолынан ұстап тұрған енесінің қолын да сілкілеп итеріп жіберді.
— Жоғал маған жақындаушы болма. Осы ма еді апа қалағаныңыз. Бір тамақты менен қызғанып шу шығарып балаңызға ұрысқызып жаныңыз рахаттанып қалды ма? Сендерді жек көремін. Жоламаңдар маған. Осыдан сәбиіме бірдеңе болса сендерді ешқашан кешірмеймін.
— Келін олай ашулансаң жағдайың ауырлай береді. Болды ашуланба.
— Жеңге маған бөлмеме жетуге көмектесіп жіберші.
Әсемге сүйеніп, бөлмесіне жетіп ішке ешкімді кіргізбей өз ісіне ұялудың орнына бәрін ақымақ еткені үшін ауызын жауып айызын қандырып рахаттана күліп алды.
Өтірік халатын ауыстырып Нұрланнан күніге алып отыра жинаған жүз мыңнан аса ақшасын төстартқышының ішіне тығып қайтадан ыңқылдап шықты. Жедел жәрдем келіп ауруханаға алып кетті. Артынан Нұрлан мен Мария апай көлік пен жүріп отырды. Ауруханаға жеткізіліп бірден ультрадыбыстық зерттеуге алып кіріп кетті. Дәрігер барлығы жақсы екенін айтып берді. Ауруханаға жатқызуға ешқандай негіз жоқ екенін жеткізді. Ішке кезекші дәрігер келіп еді, дереу жыламсырай бастады. Екеуіне екі қызыл қағазды ұсынып шартына көшті.
— Ішім қатты ауырып тұр. Үйде тыным жоқ. Енем мен абысыным күн көрсетпейді. Күн мен жарыса тұрамын. Түнде бәрінен соң жатамын. Ешкім мені аяғы ауыр демейді. Дәрігерлер оның ым- шарасын дереу түсінді. Екеуі Құндызды жетектеп дәлізде күтіп отырған енесі мен күйеуінің қасына жетектеп келді.
— Не болды жағдайы қалай? Бәрі жақсы ма?
— Сәбидің өмірі қыл үстінде тұр. Келініңіз ауруханаға жатудан бас тартты. Күтінбесе сәбиі түсіп қалуы мүмкін. Жағдайын жасаңыздар. Аяғын көтеріп жиі жатсын. Көңілін жабырқатпауға тырысыңыздар. Ауыр көтермесін.
— Келін осында бір екі күн жатсаңшы.
— Жоқ апа. Маған үйде болған ұнайды. Сіз бен женгем барда еш уайымдамаймын. Мариям сәбиге зақым келе ме деп қатты қорқып қалды. Үйге келген бойда келінің бар жағдайын жасады. Төсекке аяғының астына көрпешелерді қойып аяғын көтеріп жатқызып, набат салып ыстық шайын қасына әкеліп берді. Мұның бәрінінің жалған екенін қайдан білсін. Бала десе ішкен асын жерге қоятын Нұрланда әйелінің аузынан шыққан әр бір тілегін орындады. Ал әккі келін болса бәрін алдында құрдай жорғалатып қойғанына мәз болып , үстілерінен күліп қалағанын жеп ішіп жата берді. Телефон қолында. Әр бір құрбысына қоңырау шалып мақтанып болар емес. Мұның әр бір ісінен хабардар, тіпті кей бірін өзі үйреткен ұстазы анасы да, қызының әркетіне мәз болып мақтап қояды.
Бірнеше күн жата, жата жалыға бастады. Төркініне барып жиған ақшасын жаратып, дүкен дәмханаларды аралап қайтқысы келді. Бірақ ауырып жатқан соң күйеуі мен енесі жібермесін білген қу әйел, тағы да қулыққа көшті. Әсемнің ұлына айқайлап ұрсып жатқанын естіп сыртқа шықты. Қасына келіп актриса болып, рөлге кірді.
— Женге мен әдейі істеп жатқаным жоқ қой. Балада неңіз бар? Айтарыңыз болса өзіме айтыңыз.
— Құндыз сен не деп тұрсың? Мен саған емес өз балама ұрсып жатырмын.
— Баланы желеу етпей ақ қойыңыз. Маған тиістіріп айтып жатқаныңызды жақсы білемін.
-Құндыз мен саған ештеңе дегенім жоқ. Ұрыссам өз балама ұрыстым.
— Білем үйдің бүкіл шаруасы өзіңізге қалып қиналып жүрсіз. Бірақ мені де түсінуге тырысыңызшы. Әдейі істеп жатқан жоқпын. Қайтейін енді? Күтінбесең бала түсіп қалады деп жатыр.
— Мен саған жатпа дедім бе? Сен жоқ кезде де алты жыл бойы осы шаруаның бәрін өзім жасап келдім. Бұдан кейін де жасай аламын.
Екеуінің дауысын естіп Мариям үйден жүгіріп шықты.
— Әй келіндер не болды? Не жанжал? Кіші келін неге жылап тұрсың?
— Апа мені кешіріңіздер.
— Не болды? Айтсаңшы?
— Ешқандай тірлік істемей жатқаным үшін женгем ашуланып, бар өшін еркебаладан алып, ұрсып, ұрып жатыр. Баланың жазығы не? Мен де әдейі жасап жатқаным жоқ. Үйдің шаруасына көмектесе алмай жүргенім өзімнің де жаныма батып жүр.
— Әй Әсем келін… Сенің мұндайың жоқ еді ғой. Саған не болған?
— Апа мен оған қатысты бір ауыз сөз айтқаным жоқ. Баламды күніге ұрсам емес пе? Бүгін ғана көріп тұрған жоқсыздар ғой.
— Келін сен бөлмеңе барып жата бер.
— Жоқ жатқым келмейді. Бұлай біреудің жекіргенін естіп жексұрын болып жатқанша тірлік істейін. Түссе түсіп қалсын.
— Құндыз қойсайшы.
— Айтыңыз не істейін.
— Ештеңе істемей ақ қой. Өзімнің ақ шамам келеді. Бар жат деген соң жатсайшы. (Әсем ашулана дауыс көтеріп сөйледі.)
— Неге айқайлап тұрсыз? Мен сізге не істедім? (енесін өз жағына шығару үшін, еңкілдеп жылап жіберді). Сізде ана емессіз бе? Әр бір ана өз сәбиі үшін алаңдайды. Бар жазығым ішімдегі сәбиді ойлағаным ба?

(жалғасы бар)

Ақмарал СӘРСЕНБЕК

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *