Күздік рапс егіле бастады

2021 жылдан бастап аудандағы есістік алқаптарының 100 гектарына күздік рапс егу жоспарлануда.

Дәл қазіргі уақытта Жаңа жол ауылдық округіндегі «Расул» ШҚ жетекшісі Расул Караев (суретте) Шығыс Қазақстан облысындағы «Тәжірибелі майлы дақылдар шаруашылығы» ЖШС-нан 250 келі рапс тұқымын әкеліп, 40 гектар жерге егу жұмыстарын бастап кетті.
«Омар Шу» АӨК төрағасы Төлеухан Жапсарбаев та 15 гектар жерге күздік рапсты егуге ниеттеніп, жоғарыда аталған шаруашылықтан 80 келі дақыл сатып алып, егістік алқабын даярлауға кірісуде.
Діттеген нәтижеге жету мақсатында өзге де шаруа қожалықтарының арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Рапс дегеніміз не? Бұл орамжапырақ тұқымдасына жататын шөптекті біржылдық өсімдік. Рапс — өзгешелеу дақыл әрі пайдасы зор, сондай-ақ техникалық және азық-түлік мақсаттарында кеңінен қолданылады. Көптеген облыстарда өнеркәсіп және ауылшаруашылық саласында қолданысқа әрі сұранысқа ие.
Өнім өндіру барысында өсімдік бөліктері тұтасымен іске асырылады, демек қалдықсыз өндіріс деп айтуға әбден болады. Ең басты өнім, тұқымды сығу арқылы алынатын — рапс майы. Әбден сығылған соң ірі қара малдың азығы ретінде жөнелтіледі. Рапс майы әртүрлі салаларда кеңінен қолданылады: асханада, медицинада, косметология және сабын шығаруда. Бұдан бөлек, экологиялық құрылымы да өте маңызды. Рапстан өндірілген өнімдер қоршаған ортаға зиян келтірмейді, сонымен қатар қалдықтары да залалсыз.

Адель ИСКАКОВ,
Шу ауданы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *