Таласта бидай себу аяқталды

Жаз мезгілі өте ауданның таулы аймақтарына күздік бидай егіледі. Жалпы, дәнді дақылдың бұл түрі маңызы жағынан жаздық бидаймен теңеседі әрі бірқатар артықшылығымен ерекшеленеді.

Олай дейтініміз, қысқы және ерте көктемгі ылғал мен керекті заттарды ерте пайдаланады. Сондай-ақ, аурулармен аз залалданады.
Егін шаруашылығы жағынан өте жоғары бағаланатын бидайдың бұл түрін отырғызу аймақта да уақытымен себілді. Өткен жылы ауданда 4800 гектарға күздік бидай егілсе, биыл шаруалар 4920 гектар аумақты игеріп, оған өнімнің осы түрін жайластырды.
Мұның ішінде «Есей­хан» шаруа қожалығы 100 гектар алқапқа Шығыс Қазақстан облысынан 20 тонна «Эли­та» тұқымын (сұрыпы «Бригада»)алып келсе, «Майтөбе» коопе­ративі Шығыс Қазақстан облысынан 20 тонна күздік бидайдың «Бригада» сұрыпын жеткізіп, оны 100 гектарға отырғызды.
Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас­шысы Ауданбек Ерубайдың айтуынша, шаруа қожалықтары одан бөлек, 20 гектарға күздік бидай, 20 гектарға күздік арпа сепкен.
Тынымсыз жұмыстың несібесі ауа райына байланысты екені белгілі. Десе де, табыс адал ниет пен табанды еңбекке бітеді. Күннің райын назардан тыс қалдырмай бақылап отырған алқап­тағы еңбеккер тәжірибелі дихандар қамбаға түсер егіннің бітік боларынан үмітті.

Нарбол Қашаған,
Талас ауданы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *