«АЗЫҚ ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ – ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕ»

Бұл мәселе «Ауыл» партиясы мүшелерін де алаңдатып отыр
Бүгін «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Жамбыл облысы бойынша өңірлік филиалының ұйымдастырумен «Азық-түлік қауіпсіздігі – жаһандық мәселе» тақырыбында жиын өтті. Филиал төрағасы Ерболат Саурықов бұл тақырып күн тәртібіндегі ең өзекті әрі елімізді ғана емес, әлем халқын алаңдатып отырған күрделі мәселе екендігін айтты.
Соңғы деректерге сүйенсек, жаһанда тұрғындар саны жыл сайын 80 миллионға ұлғайып отырады екен. 2050 жылы бүкіл әлемдегі тұрғындар саны 10 млрд-тан асып кетуі мүмкін деп болжап отыр мамандар. Бұл өз кезегінде дүниежүзінде азық-түлікке деген сұраныстың арта түсетінін білдіреді.
Іс-шараға қатысқан Жамбыл облыс әкімдігі ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Құлкеев облыс бойынша ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстары жөнінде баяндама жасап, атқарылып жатқан шаруалар жайлы хабарлады. Сонымен қатар, «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы «Сауда және азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры Арман Түймебаев тұрақтандыру қоры бойынша баяндады. Жиынды қорытындылаған Е.Саурықов азық-түлік қауіпсіздігін нығайту ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, экономиканы табысты дамытудың негізгі шарттарының бірі екендігін жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *