ШИПАЖАЙЛАР МЕН САУЫҚТЫРУ ОРЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

«Ауыл» ХДПП Жамбыл облысы бойынша өңірлік филиалы КОВИД-19 инфекциясымен күресуде еңбек еткен ауылды елді мекендердегі шарулар мен медицина саласы қызметкерлеріне қолдау көрсетуде жалғастырып келеді.

Жуырда Байзақ аудандық орталық ауруханасының мамандарына денсаулықтарын қалпына келтіру мақсатында шипажайлар мен сауықтыру орталықтарына арнайы жолдамалар тапсырды. Осыдан бірер апта бұрын аталған мекеме қызметкерлері партияға қайрылып, осындай сұраныс-тілектерін жеткізген еді. Партия облыстық филиалының төрағасы Ерболат Саурықов азаматтарға Меркі шипажайы, «Taraz resort SPA» секілді сауықтыру орталықтарына жолдама берді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін партия инфекциялық стационарларда қызмет жасаған сала мамандарының мектеп жасындағы балаларына оқу құралдарын алып беріп, емханаларға қажетті жабдықтар ұсынған еді. Сонымен қатар, еліміздегі өзге өңірлерде орын алып жатқан қиын жағдайларда зардап шеккен тұрғындарға да материалдық қолдау көрсеткен болатын. Бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Нұржан Туғанбай,
«Ауыл» ХДПП Жамбыл облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз хатшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *