Биылғы жәрмеңке бұрынғыдан өзегерек

Ас – адамның арқауы. Алқаптағы жиын-терімнің алды аяқталып, астық өнімдері сатылымға шығып жатқанымен, нарықты қымбатшылық қысып тұр. Апта санап болмаса да ай сайын базардағы баға құбылып, көтеріліп жатыр. Киім өнімдері емес, астық. Қараша халыққа ең керегі де осы ас-ауқат дейтін болсақ, күнделікті тұрмыста тұтынатын ұн, қант, ет, сүт өнімдір, пияз, картоп пен түрлі дәнді дақылдарың бағасы қолжетімді болғаны өлке тұрғыдары үшін өте маңызды. Осы ретте біздің де билік бұқараның жай-күйін ескеріп, қымбатышылықты болдырмаудың алдын алу мен бағаны тұрақтандыру мақсатында көкетем және күз мезігілінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізіп келеді. Жыл сайынғы дәстүрден жаңылмай осы күзде де аталмыш игі шара басталып кетті.

Биылғы жәрмеңке бұрынғыдан өзгерек. Өйткені Қ.Сатпаев көшесіндегі коммуналдық базардан бөлек қаладағы жаңадан ашылған іргелі «Grand Passage» сауда кешенінің алдында да өтуде. Жәрмеңкенің болатнын естіп біз де көпшілік жиналған орынға ат басын бұрып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа базарлардығы бағасымен салыстырып, табиғаттан таза шыққан таза тауарлармен танысып қайттық. Біз барған таңғы сағат 10-дарың шамасында жәрмеңкеге жиналған жұттың қарасы қалың екен. Аталмыш шараға бұл жолы Т.Рысқұлов ауданы, Байзақ, Жамбыл ауданы мен Мойынқұм, Жуалы ауданының өнімдері сонымен қатар «Тараз ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының өнімдері қойылған. Жәрмеңкеде агроқұрылым өкілдерінен бөлек «Алқаптан сөреге дейін» жобасына қатысушы жеке кәсіпкерлер де өз өнімдерін қолжетімді бағамен ұсынды.
Аталған шараға арнайы келген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев орынбасары Берік Нығмашевпен бірге сөрелерді аралап көріп, шаруалармен тілдесті. Сондай-ақ, тауарлардың сапасына баса назар аударып, қойылған бағалардың тұрақты болу керектігін атап өтті.
Жиылған жұрттың басым көпшілігі ет өнімдерін сатып алуда. Қара нарықтағы қойдың еті 2000, сиыр еті 2100, ал жылқы еті 2300 теңге болса, жәрмеңккеде қой мен сиыр етінің келісі 1800 ден, жылқы еті 1900 теңгеден сатылып жатыр. Айналдырған бір сағаттың ішінде ет таусылып, тіпті соңғы қалған бір ауданның ет өніміне кезекке тұрып біз де 5 келісін әзер алдық. Одан артық сатушы да басқалардың қамы үшін деп бізге бермей қойды.
Ол да дұрыс шығар. Қылышын сүйретіп қыс келе жатқанда ең бірінші еттің қорын молайту қазақтың қанынан тән қасиет. Оның үстіне еттің бағасы жылдан жылға шарықтап тұр. Еттің бағасы шарықтауына себеп те жоқ емес, өйткені төрт түліктің өзі қымбат қазір. Былтырғы жылы мал базарында отыз мыңға ойланып барып алатын семіз саулықтарды қазір алпыс мыңға әзер аласыз. Себебі бордақыны байлайтын жем-шөптің бағасы ұшып тұр. Шаруа үшін малды бордақылаудың пейнетінен бөлек оның жем-шөбінің шығыны өз бағасынан асып түсетіндіктен де малын арзан бергісі келмейді, тиімсіз. Мәселен мал бордақылауға жиі сатып алатын кебектің қабы 1500 болса, қара нарықтағы қара ұнның бағасы 5000 теңгеден асып жығылады. Бидай келісі 105 теңге, арпа 85 теңгеден сатылуда. Дәл осы тұста ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі жұртқа әжептеуір қолдау. Сөзіміздің растығын қала тұрғындары картоп, пияз, қант, тұзадарды қабымен жапа-тармағай алып кетіп жатқандығынан аңғаруға болады. Сонымен аталған өнімдер мен дәнді дақылдарыдың бағасын, әдеттегі бағалармен салыстыра отырып, бағамдап өтсек.
Пастерленген сүт базарда 230 теңге, жәрмеңкеде 220 теңге. Пастерленеген айран базарда 260 теңге, жәрмеңкеде 240 теңгеден сатылуда. Үй сүті базарда 200 теңге, жәрмеңкеде 170 теңгеден, үй айраны базарда 250 теңге, жәрмеңкеде 200 теңгеден. Үй сары майы базарда 2300 теңгеден сатылып жатса, жәрмеңкедегі бағасы 2000 теңгеден. Үй қаймағы базарда 1600 теңге, жәрмеңкеде 1400 ден. Үй сүзбесі базарда 800 теңге болса, жәрмеңкеде 600 теңгеден сатылуда. Ал жұрт көп тұтынатын ұлттық дәмнің бірі құрттың бір келісінің бағасы базарда 1500 теңден асып жығылад, ал, жәрмеңкеде 1300 теңгеден сатылды. Ірімшік базарда 1900 теңге, жәрмеңкеде 1800 теңгеден. Үйдің ірімшігі базарда 1600 теңге, жәрмеңкеде 1400 теңгеден сатылды. Ал қазақтың ерекше сусыны қымыздың осы өңірдегі бағасы 700 теңге болса, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 650 теңгеден тұр. Ойсыл қара түйе сүті – шұбаттың литрінің бүгінгі нарықтағы бағасы 700 теңгеден болса, жәрмеңкеде 650 теңгеден сатылды.
Жеміс-жидек пен көкөністерге тоқталсақ: алманың бағасы базарда 300 теңгеден болса, жәрмеңкедегі алмалардың бір келісінің құны 200-250 теңгеден. Қызанақ базарда 120 теңге, жәрмеңкеде 100 теңгеден. Қиярдың бағасы базарда 200 теңге, ал жәрмеңкеде 170 теңгеден сатылуда. Күнделікті ас-ауқатқа көп тұтынатын өнімдердің бірі пияздың бағасы базарда 80 теңге, жәрмеңкеде 60 теңгеден сатылуда. Картоп базарда 100 бен 120 теңгенің төңірегінде болса, жәрмеңкеде 70-80 теңгеден және сәбіздің келісі базарда 120 теңге, жәрмеңкеде 90 теңгеден сатылды.
Бұл жерге жиналған халықтың қарасы көп болды. Бас аяғы 2-3 сағаттың ішінде сөреге қойылған тауарлар сатылып кетті.
– Жәрмеңкеде адам қарасы көп болды. Сол халықтың ішінде болағаныма мен де қуаныштымын. Базар бағасынан төмен болғаны да біз үшін, әсіресе осы орталыққа жақын маңдағы тұрғындар үшін, жас отбасылар үшін тиімді. Бұл игі шарадан өз облысымыздың ауыл шаруашылығының дамып келе жатқандығына көзім жетті. Бүгінгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Жуалы ауданының сатушыларынан 10 келідей қой етін алдым. Мұның алдындағы аптада жылқы етін алған болатынмын. Қазақтың қанына сіңген қасиет қой, ет жемей отыра алмаймыз.
Диханшыларымыздың арқасында бүкіл халық азық-түлікпен қамтамасыз етіліп отыр. Сондықтан да ең алдымен сол кісілердің қолына құдай қуат берсін дегім келеді. Егін-жайлары мол болсын деп тілеймін, – дейді Бақтияр Көпжасаров есімді қала тұрғыны.
Ал дәл осындай қала тұрғыны Мұхтар Қазантаев болса жәрмеңке халыққа тиімді, дей тұрғанмен сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көлік жүрмейді. Сол себепті де сауда орнының маңына жақын тұратын адамдарға болмаса қала сыртындағы тұрғындараға қиын екендігін айтады.
– Жәрмеңкеге бірнші баруым. Қоғамдық көліктің жүрмеуіне байланысты көршімнің көлігін жалдап келдік. Тек қана мен емес тағы үш төрт көрші міндік. Жәрмеңкенің бағасы базар бағасынан әжептеуір арзан екен. Қоғамдық көліктер жүрмегеніне қарамастан жұрт көп жиналыпты. Мен де отбасыма қажетті күнделікті тұтынатын азық-түліктер мен жеміс-жидектерді алдым. Көп етіп алғымыз келіп еді, бәріміз бір көлікпен келуімізге байланысты мәшинемізге сыйғыза алмадық. Жәрмеңкенің айналасы толған такси болғанымен, олар да осымен күн көріп отқандықтан бұл уақытта бағаны көтеріп айтатындығы жасырын емес.
Әрине, жергілікті биліктікі де дұрыс қой, халықтың денсаулығы маңызы. Дегенмен де, жәрмеңке өтетін күні аталмыш шара бағытындағы автобустар жүрсе екен деймін. Осындай жәрмеңкелер апта сайын ұйымдастырылып тұрса, нарықтағы ас-аухаттың бағасы өспейді деп ойлаймын, – деді ол.

Жалпы жәрмеңкеде ұсынылған өнімдердің құны 114,5 миллион теңгені құраса, көлемі 90 тонна. Оның ішінде 8,9 тоннасы ет, 1,5 тоннасы шұжық өнімдері, 2,0 тонна сүт өнімдері, 5 мың дана жұмыртқа, 0,2 тонна кондитерлік өнімдер мен 2,0 тонна макарон өнімдері, 0,1 тонна тұз, 3,3 тонна балық, 2 тонна қант, 1 тонна ұн, 0,8 тонна бал және 63,1 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
Айта кету керек, дәл осы сенбі күні «Ауылым — алтын бесігім» жобасы аясында Т.Рысқұлов ауданында – Байзақ, Жамбыл ауданында – Жуалы, Қордай ауданында – Меркі аудандарының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.
«Қыстың қамын жаз ойла» демекші қала тұрғындары қазір ет өнімдері мен қант пен ұнды көпетеп алуда. Аты жаман індеттің екінші толқыны басталып кетсе, көктемдегідей азық-түлікті ала алмай әлек боламызба деген қауіп те жоқ емес. Сондықтан да болар, халық үшін бұл жәрмеңкенің бұрынғылардан да орны бөлек, маңызы зор болып тұр. Сол себепті ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді түрде пайдаланып, халыққа қол жетімді бағамен ұсыну басты талап. Осы мақсатта салаға жауапты мамандар жәрмеңкенің ішіндегі бағаларды бағамдап, жиі тексеріп жүр. Алдағы апталарда аталмыш шара өз жалғасын табады.

Елдар БОРАНБЕК

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *