Өміршең  жолдау  

Үстіміздегі жылғы қыркүйек айының басында   Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел тұрғындарына дәстүрлі Жолдауын арнады. Биылғы Жолдаудың атауы ерекше «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі». Атауының өзі айтып тұрғандай, Жолдаумен танысқанда оның нағыз іс-қимылдарға, әрекетке негізделген жолдау екеніне көзіңіз жетеді.

Елімізді аумақтық және кеңістік тұрғысынан дамыту тәсілдерін түбегейлі өзгертуді, аумақтық даму жолында әр өңірдің бәсекелі артықшылығын ескеруді жөн деп санайды. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтағы өнеркәсіптік әлеуетті дамытуға тың көзқарас, моноқалаларды дамыту ісіне тың, заманауи серпін қажет екеніне жолдауда ерекше мән беріледі. Мен тікелей  өндіріс саласында, оның ішінде өндіріс энергетикасы саласында еңбек еткеннен кейін мемлекет басшысының пайымдауларын нақты, түсіне отырып қабылдаймын және өте орынды, дәл кезеңінде айтылып, қолға алынып отыр деп есептеймін.

Қазір еңбек етіп жатқан Сарысу ауданындағы ең ірі өндіріс орыны «Қазфосфат» ЖШС филиалы «Қаратау» ТКӨК-і өндіретін фосфорит өнімдерін тұтынбайтын, пайдаланбайтын экономиканың бірде-бір саласы жоқ. Ауыл шаруашылығынан, күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерден  бастап, стратегиялық маңызды салаларда да кеңінен жан-жақты қолданылады. Біржағы, осындай өндіріс орнында қызмет еткенімді өзіме мәртебе санаймын. Бүгінгі таңда біздің кешенде 1515 адам, оның ішінде 173 басқару саласында, 155 арнайы мамандар, 1187 әр түрлі мамандықтарды игерген жұмысшылар еңбек етуде. Жұмысшы –қызметкерлердің  дені осы Сарысу ауданының тұрғындары. Биылғы жылдың өткен 8 айында 82 адам жұмысқа қабылданып отыр. Яғни, 82 отбасына қосымша табыс кірді деген сөз.

Қазір кешен дамудың даңғыл жолына түсті десек болады. Соңғы екі-үш жылдың көлемінде көптеген жаңа техникалар сатып алынды. Атап айтсақ, өткен жылы әрқайсысының  құны 1.5 млрд. болатын 3 бірдей алып экскаватор, 6 БелАЗ, тағы басқа да қосымша техникалар алынды. Биылғы жылы да өндірісті жаңарту, жаңғырту жұмыстары жалғасын табуда. «Қаратау» ТКӨК бойынша биылғы жылғы 8 айда бұрғылау жұмыстары — 187253 п.м. (текше метр), жару-қопару – 4309000 м3, кен көзін ашу — 4169068 м3, кен өндіру – 1120776 тн., тау жынысын шығару – 4582635 м3 құрап, алға қойылған  межелер толық орындалып отыр. Қол жеткізілген  жетістіктер кешенде еңбек етіп жатқан еңбеккерлердің тынымсыз еңбегі мен маңдай терлерінің арқасында деп санаймын.

Сөз соңында қазіргі кезде елімізде үлкен саяси науқан, жергілікті және облыстық маслихаттардың депутаттығына үміткерлерді партиялық праймеризден өткізу арқылы іріктеу жұмыстары  жүріп жатқанын айта кеткім келеді. Мен де, осы саяси додаға, яғни «Nur Otan» партиясы ішіндегі іріктеуге тәуекел етіп түсіп отырмын. Жолым бола қалған жағдайда Президент жолдауын негізге ала отырып, Сарысу ауданының экономикасын дамытуға және әрбір тұрғынның өмір сүру сапасын арттыруға үлес қосу мақсатында өзімнің кәсіби мамандығымды, білімім мен мол өндірістік, өмірлік тәжірибемді, күш-жігерімді жұмсайтыныма сендіремін.

Мемлекет басшысының Жолдауда алға қойған талаптары химия өндірісі саласына да тың серпін беретініне кәміл сенемін және барлық өндірісшілерді осы талаптарды орындауға шақырамын.

«Қаратау» ТКӨК бас энергетигі,

Сарысу ауданы бойынша Праймериз үміткері                 Н.Ә.Прекешов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *