Батырбек Әбдірәсілұлы Құлекеевтің САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

1. Экономикалық қайта өрлеу бағыты бойынша:
— Отандық өнімдер шығаратын жаңа кәсіпорындар ашуға ықпал ету.
— Кәсіпкерлікті дамыту. Ауыл кәсіпкерлеріне қолдау көрсету, ауыл халқын ауылда тұрақтандыру жұмыстарымен айналысу;
2. Жаңа әлеуметтік саясат аясында:
— Жергілікті жас мамандарды тұрақты жұмыспен қамту;
— «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жас жанұялар мен тұрмысы төмен отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету;
— Жастар бастамаларын барынша қолдай отырып, олардың тегін оқып, мамандық алуына жағдай жасау.
3. Этносаралық татулық пен келісімді қорғауда:
— Облыс, қала көлемінде, әсіресе, Тараз қаласында мемлекеттік тілдің аясын барынша кеңейту мақсатындағы жұмыстарға бастамашы болу;
— Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатындағы жұмыстарға қолдау көрсету.
4. Сыбайлас жемқорлықпен күресуде:
— Қай салада да жемқорлық әрекеттерге жол бермеу, адамдарда жемқорлық әрекеттерге төзбестік ахуал қалыптастыру.
5. Ауыл, қала жолдарын жөндеуге ықпал жасау

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *