Жуалылықтар картоп өндірісінің көлемін арттырмақ

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Картоп өндірісінің көлемін ұлғайту үшін Жуалы ауданында бірқатар жиналыстар өткізілді. Нәтижесінде картоп тұқымдарының техникалық жабдықталуы мен тұқымдардың сапасына байланысты проблемалық мәселелер анықталды. Одан кейін, техника паркін жаңарту мақсатында 13 шаруа қожалығына 50 бірлік техника лизинг арқылы берілді.

Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде «Тараз ӘКК» «Атамекен» ӨКП өкілімен және Жуалы ауданының картоп өсірушілерімен бірлесіп Қостанай, Ақмола және Қарағанды облыстарына шығуды ұйымдастырды. Іс-сапар аясында Қостанай облысының «Садовод» ШҚ, «Тэрра» ШҚ, Қарағанды облысының «Шерубай су» ЖШС, «Астра Агро LTD» ЖШС және Ақмола облысының «АстанаАгроРесурс» ЖШС сияқты бірқатар тұқым шаруашылықтарына барып, танысу жұмыстары жүргізілді.
Жуалы ауданының шаруашылықтарымен өткен кезекті кездесуде, тұқымның қажетті көлемі мен сорттары анықталды. Шаруашылықтар бірауыздан Қарағанды облысының Абай ауданында орналасқан «Астра Агро» ЖШС тұқым шаруашылығынан Латон, Артемис, Родриго тұқымдарының элиталық сорттарын сатып алу туралы шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта Жуалы ауданының картоп өсірушілерінен тұрақтандыру қорының қаражаты есебінен сатып алынатын картоп тұқымдарының элиталық сорттарын сатып алуға өтінімдер қабылданды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Жуалы ауданы бойынша картоп өндірісінің көлемі келесі жылы 60 мың тоннадан 90 мың тоннаға дейін артады деп күтілуде.

Серік ЖҰМАБЕК,
«Тараз» ӘКК баспасөз хатшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *