«Nur Otan» партиясының ішкіпартиялық праймеризіне қатысушы кандидат, Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Мұратхан Жүнісәліұлы Шукеевтың партия мүшелері арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізуге арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті «нұротандықтар»!
Қадірлі әріптестер!

Жиырма жылдан астам қалыптасу тарихы орныққан «Nur Otan» партиясы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси аренасындағы орны өте жоғары.
Өйткені, «Nur Otan» партиясы құрылған күннен бастап өзінің саяси стратегиялық бағытын – мемлекеттің тұтастығы мен көпұлы халқымыздың бірлігі мен татулығына арнағаны мен атқарған сан-салалы қызметінен көруге болады.
Жалпы, егемен еліміздің – Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген барлық табыстары мен жетістіктерінде «Nur Otan» партиясының еткен еңбегінің өлшеусіз екені көпке мәлім.
Оның айқын дәлелі – халықтық партия деңгейіне көтерілген «Nur Otan» партиясы осы жылдары Елбасы, Партия Лидері Н.Ә.Назарбаев жүргізген стратегиялық маңызы зор әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-сайси реформаларды іске асырудың алғы шебінде болды.
Олардың қатарында, өндіріс пен ауылшаруашылығын дамыту, шағын және орта бизнесті өркендету, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, жұмыссыздықты жою, бірлік пен тұрақтылықты нығайту мен рухани құндылықтарымызды жаңа биікке көтеру сияқты көпсалалы партия қызметі тұр.
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда өлшеусіз үлес қосты. Бұл мақсатта партия өзінің «Jas Otan» жастар қанатын құрып, қоғамдағы жастар белсенділігін арттыру мақсатында ауқымды істер атқарды.
Ең бастысы, «Nur Otan» партиясы – осы жылдары халық пен атқарушы биліктің арасын жалғаушы еліміздегі ең іргелі саяси күшке айналғаны уақыт шындығы.
Наурыз айында басталған короновирус пандемиясы кезінде Үкіметпен бірге қиналған халықтың қасынан табылған да осы «Nur Otan» партиясы болатын.
Қолдау мен көмекке аса мұқтаж адамдарға 50 мың теңгеден бір рет қаржылай көмек қолын созды.
Мысалы, Жамбыл облысы бойынша 33 737 адамға жалпы сомасы 1 миллиард 686 мың 850 теңгенің, сонымен қатар, партиялық жобалар аясында мыңдаған тұрмыс жағдайы төмен жандарға азық-түлік себетін тарқатты.
Ал, «Nur Otan» партиясы мұндай әлеуметтік көмекті осы артта қалған жиырма жыл бойы тоқтаусыз іске асырып келеді.
Мен, «Nur Otan» партиясы егемен еліміздің жасампаз даму жолындағы табыстары мен жетістіктерін өте жақсы білгендіктен нық айтып отырмын.
Өйткені, мен әр жылдары «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық және Байзақ, Т.Рысқұлов аудандық филиалдары қызметіне басшылық жасап, бас партияның сындарлы саясатын белсенді іске асырушылар қатарында болдым.
Мен туған Отанымыз бен қасиетті Жамбыл өңірінің қарқынды дамуына айрықша үлес қосып келе жатқан «Nur Otan» партиясы штабында қызмет атқарғанымды аса үлкен ризашылық сезіммен жиі еске алып отырамын.
Сол жылдарды – менің жұлдызды жылдарым десе де болады.
Ал, партияның идеологиялық қызметінің ең басты мақсаты – көпұлтты отандастарымызды Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев жүргізіп отырған дара саясатының маңына топтастыруға бағытталғаны ешкімге күмән туғызбасы замана ақиқаты.
Бұл бағыттар «Nur Otan» партиясының Жарғысы мен Саяси Доктринасында, сонымен қатар, өткен жылдың 21 тамызы күні өткен бас партияның кеңетілген Саяси кеңесі отырысында ашық көрініске ие болды.
Сол кеңейтілген Саяси кеңес отырысында Ұлт көшбасшысы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей ұсынысымен «Сенім.Диалог.Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия қызметін қайта жаңғыртуға арналған партиялық бағдарламасы қабылданған болатын.
«Nur Otan» қазіргі таңда Алтайдан – Атырауға, Арқадан – Жетісуға дейін созылып жатқан Ұлы Дала елінде – «Nur Otan» партиясы өзінің ішкіпартиялық праймеризін өткізуді қолға алып отыр.
Бұл қадам – уақыт талабы, заман сұранысы.
Өйткені, «Nur Otan» партиясы жүргізіп отырған сындарлы саясат – әрқашан да мемлекеттік саясатпен сабақтас.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында айқындалған ең негізгі міндеттер бүгінде «Nur Otan» партиясы тарапынан аса үлкен қолдауға ие болу соның анық дәлелі бола алады.
Ендігі мақсат – стратегиялық маңызы зор осы жаңа Жолдауда белгіленген басты міндеттерді облыс пен Тараз қаласы тұрғындары арасында кеңінен насихаттай отырып, қоғам алдына қойылған басты міндеттерді мүлтіксіз орындауға бет бұру.
Мен ұзақ жылдар мемлекеттік басқару саласындағы қызметтерім мен «Nur Otan» партиясы облыстық, аудандық филиалдарын басқарған жылдары жинаған бай тәжірибемді бағамдай отырып, ішкіпартиялық праймеризге ерікті жағдайда түсу туралы өзімнің саналы шешімімді қабылдадым.
Бұл орайда демократиялық принциптерген негізделген ішкіпартиялық праймериздегі саяси бәсекеде – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына өз кандидатурамды ұсынып отырмын.
Егер мен алдағы саяси партиялық додаға түсетін сайлауда «Nur Otan» партиясының тізіміне кіретін болсам, мен бірінші кезекте мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі жолында және халық мүддесін заң шығарушы орган арқылы іске асыруға әзірмін.
Бұл менің – азаматтық парызым және «Nur Otan» партиясы мен ұлттық саясатқа деген беріктігімді көрсетері ақиқат.
Мен осы саяси партиялық кездесулерге дайындық барысында мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жаңа Жолдауы мен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының алдағы бес жылдыққа арналған әлеуметтік-экономикалық индикаторларға негізделген сайлауалды бағдарламасын басшылыққа алып отырмын.
Партиялық сайлауалды бағдарламада негізінен алдағы бес жылда – өнеркәсіп саласын дамыту, жұмыссыздық деңгейін бәсеңдету, білім сапасын арттыру мен мектептердің материалдық базасын нығайту, қолжетімді денсаулық сақтау саласын жетілдіру жолдары нақтыланған.
Сонымен қатар, өңірде шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мен олардың тиімді жұмыс жүргізулеріне қолайлы жағдайлар жасау, жаңа жұмыс орындарын ашу, автомобиль жолдарын жөндеу, тұрғындарды таза ауыз сумен және газбен қамтамасыз ету жолдары білгіленген.
Мен енді Сіздердің назарларыңызды өңірдің ауылшаруашылық саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі кезеңде атқарылатын жоспарларының басты бағыттарымен таныстырып өтейін.
Біріншіден біздің өңір – аграрлық өңір.
Облыс тұрғындарының басым бөлігі осы ауылшаруашылық секторымен тығыз байланысты.
Сондықтан да, «Nur Otan» партиясының бұл салаға аса жоғары көңіл бөлудегі мақсаты – ауылшаруашылығы саласын барынша қарқынды дамыту, ауыл тұрғындарының табысын арттыру мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етуге басымдықтар беруінде болып отыр.
Мысалы, «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру» және «алқаптан сөреге дейін» шеңберінде пилоттық жобаларды іске асыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмысы әрі қарай жалғасатын болады.
Бұл тұста пилоттық режимде 10 ауданның 11 ауылдық округінде 5 бағытта халықтың табысын жақсарту бойынша жоба іске асырылуда. Оның шеңберінде 51,6 мың тұрғынға немесе 7886 аулаға республикалық бюджеттен 7,2 млрд.теңге және облыстықтан – 2 млрд. теңге бөлінді.2489 өтінім мақұлданды, несие беру жұмыстары жүргізілуде.
Келешекте 2021-2025 жылдары мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ауыл округтарына 1 аулаға кірісті 2020 жылы 104 мың теңгеден 2025 жылы 209,1 мың теңгеге ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін бірден 33,9%-ға ұлғайту көзделуде.
Жалпы, алдағы бес жылда облыстың аграрлық секторында үлкен даму бағыты белгіленіп отыр. Олардың қатарында:
* Облыс бойынша жоспарланған 7 жаңа су қоймасы құрылысы есебінен 34,5 мың га суармалы жерді қалпына келтіруге (Қордай ауданы Алға а/о «Қалғұты» (14,6 млн. текше м), Ноғайбай а/о «Ырғайты» (15,22 млн. текше м) және Меркі ауданы Жаңатоған а/о Андас-1 (0,07 млн. текше м), Андас-2 (0,11 млн. текше м), Андас-3 (0,27 млн. текше м), Сұрат а/о Тескентоған (1,725 млн. текше м) және Байзақ ауданында Темірбек а/о «Ақмола» (11,1 млн. текше метр).
* Инвестициялық жобаларды іске асырудың пилоттық жобасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалана отырып, салаға жаңа озық технологияларды енгізуге, өндірісті қазіргі заманғы техникамен, цифрлық технологияларды әртараптандыру және жарақтандыру есебінен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін жыл сайын 2%-ға ұлғайту көзделуде.
* 2025 жылға дейін ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алаңын 25 мың гектарға кеңейтуге, мал басының 110 мыңға және құстың 102 мың басқа өсуі есебінен өнім шығаруды ұлғайту жоспарлануда.
* Шу ауданында 2 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға;
* Сыртқы өткізу нарықтарын дамыту жолдары қарастырылуда (бидай — Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан; пияз — Польша, Өзбекстан; картоп — Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан; жұмыртқа — Тәжікстан, Өзбекстан; сафлор майы — Германия, Нидерланды, Жапония, Иран, Қытай; макарон өнімдері — Ресей, Тәжікстан, Ауғанстан; ет және қосымша өнімдер — Қытай, Өзбекстан, Иран, Бахрейн, Кувейт);
* Өндірілетін сүтті қайта өңдеуді 85%-ға дейін, етті 60%-қа дейін ұлғайтуға үлкен мән берілуде;
* 2,2 мың өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарды кәсіпкерлік қызметке, оның ішінде ауылдық өндірістік кооперативтерді ұйымдастыру арқылы тартуға;
* Сонымен қатар, жыл сайынғы жәрмеңкелерді ұйымдастыруға, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша әлеуметтік павильондарды ұлғайтуға ықпал ету көзделуде.
Осындай келелі шараларға қоса мен, өңірдегі ауылшаруашылық бағытына бейімделген жерді тиімді пайдалану мәселесін шешуге және қазіргі кезде ауыл тұрғындарын алаңдатып отырған жайылымдық жерлерді пайдаланудың жаңа тетіктерін ойластыруды қолға алмақпын.
Сонымен қатар, ауылшаруашылығы саласындағы табысты көтеру мақсатында ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендіру тұжырымдамасына нақты өзгерістер енгізе отырып, ұсақ шаруалар арасында түсіндіру жұмыстарын қолға аламын.
Осы тұста айта кететін жағдай, мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев та өзінің Жолдауында ауылшаруашылық саласын дамытуға аса зор мән бере келе, көптің көкейінде жүрген жер мәселесіне орай «жеріміз шетелдіктерге сатылмайды» деп, соңғы нүктесін қойды.
Сонымен қатар, кооперация арқылы ауылшаруашылық саласын дамыту, елімізде ет, сүт, жемсі-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдарды өніру мен өндеу мәселесін орынды көтере отырып, агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын екі есеге ұлғайту мәселесіне баса назар аударды.
Міне көріп отырсыздар, облыстың бір ғана ауылшаруашылығы саласын дамыту мәселесі «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын мен жаңа Жолдауда үлкен көрініс тауып отыр.
Ендігі міндет осы алда тұрған міндеттер мен талаптарды халыққа жеткізу, оны ел арасында кеңінен насихаттау болып табылады.
Жалпы, «Nur Otan» партиясы – елімізде және өңірлерде қол алынған салалық реформаларды табысты іске асыру мен оның орындалуына партиялық бақылау жасаудан өзіндік қалыптасқан бай тәжірибесі барын мен өте жақсы білемін.
Сондықтан да, еліміздің бас партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындалған әлеуметтік-экономикалық шараларының нақты көрсеткіштерге қол жеткізетіндігіне менің сенімім өте мол.
Өйткені, «Nur Otan» партиясы – сөздің емес, нәтижелі жұмыстың партиясы.

Құрметті партиялас әріптестер!
Қысбатты көпшілік!

Сайлауға және дауысқа түсу қашан да аса жауапты сын.
Мен алдыма қойған мақсатыма жету үшін маған дауыс беретін «Nur Otan» партиясының барлық мүшелерімен кездесіп-жүздесіп, өзімінің сайлауалды бағдарламды жақын таныстыруды өзіме міндет санаймын.
Сондықтан да, Сіздерді ағамыдағы жылдың 1-3 қазаны аралығында өтетін партиялық дауыс беру барысында менің кандидатурамды қолдап дауыс беруге шақырамын!
Сіздер маған сеніңіздер, мен Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймын!
Әрине, «Nur Otan» партиясы тарапынан атқарылған істер аз емес.
Бірақ алда атқарар жұмыстар одан да көп, әрі жауапты.
Ел мүддесіне бағытталған осындай ортақ мақсаттар мен межелі міндетті бірге атқарайық.
Ал, «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз!» атты ұраны – барша қазақстандық қоғамды татулық пен бірлікке негізделген ұлттық топтасу саясатымен алға жетелесін!
Еліміз қуатты, өңіріміз шуақы болсын!
Мемлекет пен халықтың қамын терең ойлаған «Nur Otan» партиясының жасампаз саясаты жарқырай берсін.
Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілеумін.
Әлемді бір қауыздың ішіне сидырып отырған – короновирус індеті ортамыздан тезірек кетіп, халқымыздың қуанышты бас қосар сәттері мол болсын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *