Қытайға ет экспорттау бағдарламасы қарастырылуда

Үкімет басшысының Жамбыл облысына келген іс-сапар барысында Қытай Халық Республикасына ет экспорттау бағдарламасы аясында берілген тапсырмасын орындау мақсатында мал сою орындары болып «Мерке ет комбинаты» ЖШС, «Хадижа» ШҚ, «Первомайские деликатесы» ЖШС және «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС белгіленген болатын.

Ет комбинаттарының жұмыс істеу барысында ветеринарлық-санитарлық талаптардың сақталуын және мал етін экспорттауға дайындығын тексеру мақсатында ҚР АШМ және ҚР АШМ ВБҚК тарпынан комиссия мүшелері аумақтық испекциясы мамандары мен ветеринария басқармасымен бірлесіп, аталған мал сою орындарының жұмысымен танысты. Инспекциялау барысында мал сою орындарының тазалығына, жұмыс істеу жүйесіне көп көңіл бөлінді. Комиссия мүшелері атқарылған жұмыстардың жай-күйімен танысып, ет экспорттау үшін кәсіпорындардың жұмыс барысында белгіленген мемлекетаралық келісім талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін методикалық нұсқаулықтар берілді.
Алдағы уақытта Қытай Халық Республикасына ет экспорттау мақсатында комиссияның берген нұсқаулықтарын ескере отырып, облыстық аумақтық инспекциясының қадағалауымен талаптарға сәйкестендіру жұмыстары атқарылатын болады.

Тұңғыш Жанұзақов,
облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *