ҚАСҚАБҰЛАҚТА НЕ БОЛДЫ?

Түн ішінде тыныш ауылды дүрліктірген кімдер?

Сейсенбі күні түнгі сағат 1:30 шамасында Талас аудандық полиция бөліміне Қасқабұлақ ауылындағы бұзақылық әрекеттер жайында хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің нәтижесінде аталған іске қатысы бар 14 азамат ұсталған. Олар Toyota Camry, BMW 525 және ВАЗ-2107 көліктерімен қатынаған. Қазіргі уақытта күдіктілер аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Облыстық полиция департаментінің өкілдері оқиғаның себебі анықталып жатқанын жеткізді. Олардың айтуынша, ауылда жағдай тұрақты. Өзге тәртіп бұзушылықтар тіркелмеген.

Жамбыл облысының әкімі Б е рд і бе к С а п а р ба е в Та л а с ауданының Қасқабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті. К езд е с у ге 1 0 т а м ы зд а н 11-не қараған түні жергілікті тұрғындардың бірнеше үйінің және кітапхана ғимаратының терезелерін сындырған бір топ жастардың бұзақылық әрекеті себеп болды. Олардың барлығы ұсталынып, ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Б е р д і б е к С а п а р б а е в ата п ө т к е н д е й , Қ а с қ а б ұ л а қ тұрғындары әрқашан өздерінің еңбекқорлығымен, ынтымағымен және үлкендерге деген құрметімен ерекшеленеді. Соңғы жылдары м ұ н д а б і р д е — б і р қ ы л м ы с тіркелмеген. Аймақ басшысы әрдайым жергілікті тұрғындардың осы игі қасиеттерін бағалап, облыстың басқа аудандарына барған кезде үлгі ретінде айтып жүреді. – Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз және қоғамдық тәртіпті бұзғандардың барлығы заң аясында жауап береді. Ең бастысы – қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен тыныштық сақталуы керек, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев. Дабыл түсе салысымен бірден оқиға орнына полицейлер, облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары аттанған. Жағдай жедел бақылауға алынып, барлық бұзақылар қолға түскен. Қ аз і р г і та ң д а қ ұ қ ы қ қ о р ғ ау органдарының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын, кінәлілер мен араңдатушыларды анықтау үстінде. Жергілікті тұрғындардың алаңдауыңа негіз жоқ, олардың қауіпсіздігі толықтай қамтамасыз етіледі. « Б і з д і ң қ о ғ а м д а е ш к і м алауыздық туғыза алмайды, және бір топ жастардың бұзақылық әрекеттерінен ешқандай астар іздеудің қажеті жоқ», — дейді ауыл ақсақалы Махмуд Темиров. Бердібек Сапарбаев жастар, әсіресе бұзақылыққа қатысты жастардың ата-аналары арасында тәрбие жұмыстарын күшейту қажеттілігіне назар аударды. Айта кету керек, олардың бірқатары к ездесуге арнайы қатысты. О л а рд ы ң ат ы н а н ұ с т а л ғ а н жігіттердің бірінің атасы Аманжол Ділдабеков сөз алып, болған оқиға туралы естігенде «жағасын ұстағанын» жасырмады. «Мен Қасқабұлақ ауылының тұрғындарынан балаларымызды бақылай алмағанымыз үшін шын жүректен кешірім сұраймын» деді ол. Ұсталғандардың бірінің анасы көз жасына ерік беріп, баласының әрекетін ақтауға сөз таба алмай тұрғандығын жеткізді. – Мұның бәрі істерге ісі жоқтықтан туындайды. Егер он екі мүшесі сау болса, онда ол ата- анасына масыл болмай, еңбек етуі керек. Ата-аналар өздері балаларының бос уақытын қалай өткізіп жүргендігінен хабарсыз. Біздің жалғыз Отанымыз бар, ол — Қазақстан. Біз өзіміздегі ең құнды дүние – қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді бағалай білуіміз керек. Тағы да қайталап айтамын, заңды бұзған әрбір адам қатаң жауапқа тартылады. Шамасы, бұл бұзақылықты арнайы ұйымдастырушылар болған секілді. Полицияның міндеті – оларды табу және осыған ұқсас оқиғалардың алдын алу. Ата-ана, мектеп, қоғам және билік, бұлардың бәрі бірлесе отырып, өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, мейірімділік және адамсүйгіш, әрбір азаматқа құрметпен қарау секілді игі қасиеттерді қалыптастыру жолында жұмыла жұмыс жасауы тиіс, — деп қорытындылады Бердібек Сапарбаев.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *