Терезеден құлаған балаға қатысты тергеу жүруде

«Не молчи» қозғалысының жетекшісі Дина Таңсәрі қамқоршыларының пәтерінің терезесінен құлаған бала туралы пост жариялады. Өз жазбасында Д. Таңсәрі оған Қаратау қаласының тұрғыны хабарласқанын айтады.
«(Ол) Менің інілерімнің сыныптасы, он жасар жетім бала. Шамамен 2-3 жыл бойы бір отбасының қамқорлығында болды. Қамқоршылары ұрып-соғып, қараңғы жерге қамап, тамақ бермей қойған», — дейді ол. Хабарлама бойынша, бала терезеден құлаған.
«Екі күн бұрын, бала екінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен немесе қамқоршылары оны итеріп жіберуі мүмкін. Ол 2-3 күн бойы осындай жарақаттармен бұталардың астында көшеде жатып, жылап, көмек шақырудан қорыққан. Қазір бала ауруханада жатыр. Оған ота қажет. Балаға тамақты сынып жетекшілері мен сыныптастарының ата-аналары апарып жүр», — деп жазылған қоғам белсендісінің жарияланымында.
Оқиға бойынша Жамбыл облысының полиция департаменті түсініктеме берді.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 141-бабының 1-бөлігі бойынша (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл жағдайда басылымда көрсетілген барлық дәлелдер тексеріліп, қажетті сараптамалар тағайындалады», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Зардап шеккен баланың жағдайына қатысты білім басқармасы да мәлімдеме жасады.
«Баланың жағдайы тұрақты, ол Тараз қалалық балалар ауруханасында дәрігерлердің бақылауында», — дейді білім басқармасынің өкілдері.
Мәселені қамқоршылық органы да бақылауға алып отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *