Басты мақсат – жерді тиімді пайдалану

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл ауданына жұмыс сапары аясында Бесағаш, Ақбұлым және Қызылқайнар ауылдық округтеріндегі бірқатар негізгі нысандарды аралап, ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру бойынша пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты.

Бүгінде Бесағаш ауылдық округінде мал басының артуы байқалуда десек, бұл үрдіс табиғи өсіммен ғана байланысты емес. Аталған пилоттық жоба аясында жергілікті тұрғындар 4767 бас ірі қара мен ұсақ мал сатып алған.
Айталық, жобаның қатысушысыларының бірі, жеке кәсіпкер Рысбек Иманалиев жылдық 2,5 пайыздық мөлшерлемемен бес миллион теңге несие алған. Ол бұл қаржыға бес ірі қара мал, бес жылқы және 10 қой сатып алдым. Қазір шаруашылықтың 15 бас ірі қара мен 34 қойы бар. Олардың етін жергілікті нарыққа өткізбек. Кәсіпкер өзінің жем-шөп базасын құруды жоспарлап отыр. Бұл мал өсіруге кететін шығынды азайта түсері сөзсіз.
— Мал азығын өзіміз өндірсек, ол шығынды үнемдеуге және еттің құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Жергілікті билік Мойынқұм ауданынан 20 сотық жер ұсынды, бірақ онда су жоқ. Құрғақ әрі шалғай жерде жемшөп дақылдарын өсіру қиын,- деп шаруа өз шағымын жеткізді.
Облыс әкімі қиын жағдайдан шығудың бір жолы – бос жерлерді тиімді пайдалану екендігін атап өтті.
Бірақ ауыл шаруашылығының дамуын тежейтін ең үлкен мәселе – ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға қаржы салғысы келетін мал шаруашылықтарына жердің жетіспеушілігі. Бесағаш ауылдық округінде ешқандай пайдаланусыз және өңдеусіз жатқан бос жерлер көп. Дегенмен барлық учаскелердің меншік иелері бар. Бұлар да біреудің жерлері. Тексеру жүргізу қажет,-деді облыс әкімі.
Бұдан кейін аймақ басшысы осы ауылдағы 300 орындық №6 жаңа мектеп-гимназиясына ат басын бұрды. Ондағы оқу кабинеттерін аралап, материалдық — техникалық базамен танысты, сондай-ақ «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген мамандарды әңгімеге тартты.
Келесі нысан «Іске сәт» кооперативінің бидай алқабы болды. Кооперативтің жалпы жер көлемі 7477 гектарды құрайды. Оның ішінде ағымдағы жылы жүз гектардан астам алқапқа бидай, 313 гектарға арпа, 200 гектарға жүгері, ал қалған аумаққа әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары егілген.
Бұдан соң Қазақ ауылшаруашылық және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының филиалында маңызды әңгіме өрбіді. Облыс әкімі институт жұмысына көңілі толмайтынын жеткізіп, олқылықтарды түзетуді талап етті. Олай болмаған жағдайда 920 гектар жер институтынан қайтарып алынады. Өйткені, жергілікті тұрғындар компанияның бәсекеге қабілетті жаңа сорттар мен будан тұқымдары бар нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандырмайтындығына, сондай-ақ өнімділікті арттыру үшін жаңа технологияларды енгізуге көмек көрсетпейтінін айтады. Институт тиесілі жердің тек аз ғана бөлігін өңдеп отыр десек, басым бөлігі іс жүзінде қараусыз күйде қалып, қамыс бұта басып кеткен.
— Мұнда сіздер аз-аздан жүгері, соя және басқа да дақылдар өсірудесіздер. Негізі, тек бір бағытта түбейгейлі айналысқан дұрыс секілді.
Өздеріңіз уәде еткендей мен мұнда екі-үш метрлік биіктік жүгерлерді көріп отырмын. Дегенмен, шаруалар мұндай нәтижелерге ғылымсыз да қол жеткізе алады. Ал егіс айналымдарын сақтай отырып және көптеген агротехникалық шараларды орындай отырып, тіпті егіннің сапасын арттыруға қол жеткізуге болады. Сіздер бөлінген жерді игермей отырсыздар, ал жергілікті шаруаларға бос жерлер жетіспеуде. Жұмыстарыңыздың нәтижесі болмаса – қолдау да болмайды, — деп түйіндеді Б. Сапарбаев.
Сондай-ақ, Бесағаш ауылына жұмыс сапары аясында облыс әкімі «Іске сәт» кооперативінің ауылшаруашылық паркінде болды. Аталған кооперативтің директоры Қадыржан Дөненбаев ауылшаруашылық құрылымының 110 мүшесі екенін айтты. Кооператив шаруаларға егін өсіруде және көктемгі дала жұмыстары мен егін жинау кезінде техникамен, тұқымдармен және тыңайтқыштармен қамтамасыз етуге көмектеседі. Өсірілген өнімдер «Тараз» ӘКК арқылы коммуналдық базарларда және әлеуметтік дүкендерде сатылмақ.
Айта кетейік, кооперативте техниканың 21 түрі, оның ішінде трактор, комбайн, жүк машиналары мен басқа да қондырғылар бар.
Одан әрі облыс әкімі жергілікті тұрғын Сейілхан Қадырбаевтың жаңа жоғары технологиялы жылыжайының жұмысымен танысты. Жоба құны — 11 миллион теңге. Мұнда 12 гектар жерге қияр мен қызанақтың бірнеше түрі өсіріледі.
С. Қадырбаев облыс әкімінен мемлекеттік қолдау көрсетуді сұрады. Кәсіпкер мұнда жылыту жүйесін, тамшылатып суару қондырғыларын енгізуді және қорғаныс жабынын орнатуды жоспарлап отыр. Оған қосымша 20 миллион теңге қажет екен.
Облыс әкімі таңқурай өсірумен айналысып отырған жергілікті тұрғын Олжас Әбеновтың үй маңындағы учаскесінде де болды. «Іске сәт» кооперативі ауыл тұрғынын көшеттермен қамтамасыз еткен. Аймақ басшысы фермерге жидек бизнесімен шындап айналысуды, таңқурай орналасқан алаңдарды арттыруды ұсынды. Әзірге шаруалар бұл жидектің пайдасына айтарлықтай ден қоймауда. Алайда, бүгінгі таңқурайдың бір келісінің бағасы 700 теңгеге жуық.
— Таңқурай бағасы әдеттегідей жоғары, бірақ ол бірден базар сөрелерінен сұрыпталады. Бұл табысты сала, — деді аймақ басшысы.
Жалпы, аудандағы жұмыс сапарының соңында Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға әр жер учаскесін ұтымды және тиімді пайдалану, өнімді уақтылы және шығынсыз жинау, мал шаруашылығына қолдау көрсету бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *