Асыраушы сала алға басып келеді

Рүстем ДӘУЛЕТ, Қордай ауданының әкімі

Қордай ауданының әлеуметтік-эконокомикалық жағдайы жыл өткен сайын артып, халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді. Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы бізге ел экономикасын арттыруға, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын жақсартуға қатысты бірқатар жаңа міндеттерді жүктеді. Тисінше, Қордай ауданында Жолдаудың негізігі бағыттары мен мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл басынан бері атқарылған жұмыстар аз емес.

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында Қордай ауданы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен нақты көрсеткіштерге қол жеткізілді. Атап айтар болсақ, аталған есепті кезеңде аудандағы экономикалық көрсеткіштер төмендегідей көрсеткіштерді құрады.
Жергілікті қамтуды абаттандыруға бағытталған «Қарапайым заттар экономикасы» аясында жалпы құны 66,4 миллион теңгеге 4 жоба мақұлданды. Жалпы құны 240, 0 млн.теңгеге 2 жоба қаралуда және 835,0 млн. теңгенің 5 жобаға құжаттар жинақталуда.
Есепті кезеңде аудандағы 35 ШОБ субъектілеріне 151,3 млн. теңгеге шағын несие берілді. ШОБ бойынша 12765 адам жұмыспен қамтылған. Өнім мен қызмет көлемі биыл 7,1 млн. теңгені құрап, 6,3 пайызға артты.
Елдің экономикалық өсуін анықтайтын басты фактор — жоғары инвестициялық белсенділік. Қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестиция көлемі 602,5 млн. теңге. (149,1 пайыз), оның ішінде: бюджет есебінен – 1649,6 млн.тг өзіндік қаражат есебінен – 4371, 9 млн. тг. Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2025 жылға дейін 48,7 млрд.теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда («Монтерро Казахстан» ЖШС — 45,0 млрд. тг, «Віо VET» ЖШС -2,0 млрд. тг, «Алатау Корда й» ЖШС – 1,7 млрд. тг).
2020 жылы ірі жобалар: «Азия сад» ЖШС (886 млн.теңге) үдемелі бақ, «Абдирманов» ЖК қойма құрылысы (118,9 млн.теңге), «Жаңатұрмыс бірлік» АШК (59,9 млн. теңге, техника сатып алу) Бүгінде ауылшаруашылық саласы – Қордай ауданының экономикасын алға сүйреуші салалардың біріне айналды. Бұл салаға жыл сайын мемлекеттік бағдарламалар аясында қомақты қаржы бөлініп, ауыл экономикасы мен тұрғындардың әлеуметтік тұрмысы айтарлықтай даму үстінде.
Ауданда Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2020 жылдың 1 маусымына ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі болжамды – 8310,1 млн. теңгені құрайды немесе нақты индекс көлемі 107,5%. Сонымен қатар, Үдемелді бақ 63 гектарға ұлғайып, аумағы 131 гектарға жетті. Сондай-ақ, 1,7 мың гектарға жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұдан бөлек өткен жылы аудан аумағында 7 кооператив құрылып, жалпы саны 18-ге жетті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *