Карантин қайта күшейтілді

Облыста карантиндік шаралар күшейтілді. Атап айтқанда, облыстың елді мекендері ішінде және елді мекендер арасында сағат 22:00-ден 06:00-ге дейінгі уақыт аралығында халықтың жүріп-тұруы шектеледі;

— Тараз қаласында қоғамдық көлік сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін және сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін қатынайтын болады. Қоғамдық көлікке тек жеке қорғау құралдарымен кіруге рұқсат;
— арақашықтықты және маска режимін сақтай отырып, саябақтарға, алаңдарға және скверлерге сағат 06.00-22.00 аралығында баруға рұқсат.
Сондай-ақ келесі нысандардың жұмыс уақыты өзгереді:
8:00-ден 16:00-ге дейін: — базарлар — азық-түлік емес дүкендер
8:00-ден 22:00-ге дейін: — азық-түлік супермаркеттер және дүкендер, ветеринарлық дәріханалар мен клиникалар
9:00-ден 16:00-ге дейін: — Халыққа қызмет көрсету орталықтары
9:00-ден 17:00-ге дейін: — екінші деңгейлі банк бөлімшелері, «Қазпошта» АҚ, айырбастау пунктері, микроқаржы ұйымдары
10:00-ден 18:00-ге дейін: — автосалондар, қосалқы автобөлшектерді сататын дүкендер, дезинфекциялау құралдарын сату бойынша мамандандырылған дүкендер мен қоймалар, ауыл шаруашылығы техникасы, өсімдіктерді қорғау құралдары, тыңайтқыштар, тұқымдар және құрылыс материалдары мен қосалқы бөлшектер бойынша сауда-саттық орындары, сұлулық салондары, шаштараздар, азық-түлік қоймалары, тұрмыстық техника дүкендер, техникалық жөндеу орталықтары, автожуу, оптика салондары, фотосалондар, гүл дүкендері және дүңгіршектер
10:00-ден 20:00-ге дейін: — қоғамдық тамақтану объектілері, ЅРА және фитнес-салондар, спорт кешендері Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, ұлттық компаниялардың қызметіне штаттың кемінде 50 пайызын қашықтан жұмыс режиміне ауыстыра отырып рұқсат етілген.
Төмендегі нысандардың жұмысына тыйым салынады:
— аумағы 2000 шаршы метрден асатын сауда орталықтары; түнгі клуб, дискотека; қоғамдық монша, сауна, бассейндер; сауда, ойын-сауық орталықтарындағы балалардың ойын алаңдары; ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар; компьютерлік және ойын клубтары; балаларға арналған сауықтыру лагерлері; діни ұйымдар; орын саны 50-ден асатын қоғамдық тамақтану нысандары; концерт залдары, цирк қойылымдары;
— автомобиль және мал базарлары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *