Шулықтар шегірткемен күресті күшейтті

Шу ауданы болжамдау орталығының мәліметі бойынша 2020 жылы шегірткеге қарсы барлығы 10355 гектар ауылшаруашылық жерлер өңделеді деп жоспарланып отыр. Оның ішінде марокко шегірткесіне қарсы 885, итальян шегірткесіне қарсы 7 650, азилық шегірткеге қарсы 800 және саяқ шегірткеге 1020 гектар алқап өңделмек.

Аталған жұмыстар жүргізілетін алқаптың 5 400 гектары ұшақпен дәріленсе, 4 955 гектары дәстүрлі көлікпен өңделеді деп күтілуде.
Бүгінгі күнге дейін ауданда барлық жер үсті техникасымен 4 955 гектар алқап өңделіп үлгерсе, ал ұшақпен 1600 гектарға дәрі себілген.
Марокко шегірткесіне қарсы барлығы 20 000 гектар ауылшаруашылық жерлері тексеріліп, оның ішінде 885 гектар алқаптағы зиянкес жәндіктің дернәсілдері анықталған. Онда олардың саны 1 шаршы метрде 5 данадан жоғары болып, химиялық өңдеу жұмыстары 885 гектарға жүргізілген. Жалпы,и аса қауыпті саналатыне марокколық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары Далақайнар және Балуан шолақ ауылдық округтерінде жүргізілді. Бұл масатта ЖК «Исмуханов» жеке кәсіпкерлігімен келісім шарт жасалған..
Ал,италиялық шегіртеге қарсы барлығы 65 100 гектар ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер тексеріліп, нәтижесінде 6 850 гектар жердегі итальян шегірткесінің дернәсілдері экономикалық зияндылық шегінен жоғары болған. Осыған байланысты жер үсті техникасымен 3 050 га қызмет көрсетуші ЖК «Аккозов»-тың күшімен өңделді. Ал ұшақпен 1600 га қызмет көрсетуші ЖШС «Аэросервис-Тараз»-дың әуе құралдары арқылы дәріленді.
Саяқ шегірткеге қарсы аудан көлемінде 5 000 гектар мемлекеттік қор иелігіндегі жерлер тексеріліп, 1 020 гектар жерде зиянкестің экономикалық зияндылық шегінен жоғары екені белгілі болды. Нәтижесінде, «Есбергенов Елемес» ЖК жер үсті у бүріккіш техникасымен химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізді.
Химиялық өңдеу жұмыстары Шу ауданының ауылдық округтерінің жерлерінде одан әлі жалғасып, өңдеу жұмыстарына «Комбат» , «Диурон», «Гунсяо» және «Имидор» инсектицидтері қолданылуда.

Сайын ТҰРЛЫХАН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *