Ауылдың өркендеуі – елдің өркендеуі

Ауылдан көшсең көш керуен,
Қалада өрле өс мейлі.
Ауылдан адам көшкенмен,
Адамнан ауыл көшпейді.
Қай қазақтың баласына болмасын өзінің туған жерінен артық жерұйық жоқ. Қарапайм халықтың өзі тірлігін қаладан қамдап, қарбалсына бой ұрған бұл тұста шалғайдағы ауылдар беймарал қоңыр тіршілігін тарқатып жатыр.
Тағы бір көктем тарихтың қойнауына кетті. Даланың төсінде, жазиралы жердің тұңғыш ұлындай алыста томсырайып тұрған ауылдың суы, ауылдың нуы дихан бабаның егісіне жетпей, жаз келсе мәселеге айналған бұл күнде. «Қолы ұзындар» жер-жерді жекешелендіріп алған. Бір ауылдың төрт түлігі жайылатын жерді бір ғана адам иеленіп, шетіне мал түссе қамап, қуып әлек болатын уақыт. Ерте көктемде жауынның түсімі аз болғандықтан Сарысу мен Таластың миян даласының мамыр аяқталмай жатып-ақ мерекесі қашты. Бұл жердегі төрт түліктің күйіне қарап, қазақтың даласы кең болғанымен өірісі тар екендігіне көзің жетет. Ал, Тараздың түбіндегі Жамбыл ауданының жайы бөлек. Шығысқа қарай бойлаған Құлан, Меркі, Шу, Қордай жерлері таудың тұсында болғандықтан ауасы әр кез ылғалды, топырағынан қуат кетпеген, яғни жері шұрайлы. Диханшылық дарыған Жуалы жұртының жері де жаман емес. Әне-міне дегенше орақты бастауға оқталып отыр. Мал шаруашылығы материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі екендігі даусыз. Халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етуде ерекше рөлде тұратын да, сол ауыл шаруашлығы.

Осы бағытта жүзеге асып жатқан үлкен бағдарламалардың бірі – «Бастау». «Бастау» жобасы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты болып табылады. Ағымдағы жылы жоба аясында өңірге 3 млрд 951 млн 778 мың теңге бөлінген. Оның ішінде бүгінгі күнге шейін 388 адамнан 1 млрд 417 млн 500 мыңға өтініш түскен. Оның ішінде мақұлданғандары 1 млрд 242 млн 800 тг, ал алынып қойған, яғни игерілген қаражат саны 1млрд 052 млн 200 теңге. Сонымен кредит алуға ниетті 388 адамнан өтініш келіп түссе, соның ішіндегі 294 адам несиені алып үлгерген.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жамбыл облысы филиалының биылғы жасап жатқан жаңа жұмыстардың бірі көпбалалы және азқамтылған, тұрмысы төмен жанұяларға аталған несиені 4 пайызбен беру болып отыр. Қалған азаматтарға бұрынғысынша 6 пайызбен беріледі. Аталған жаң жоба бойынша 4 пайыздық несиеге жоғарыда аталған 388 адамның ішіндегі 50 адамнан өтініш келіп түскен. Елу адамның өтініші бойынша жалпы сома 182 млн 1 жүз мыңға сұраныс болса, оның ішінде 178 млн 900 мың теңге мақұлданған. Соның ішінде 157 млн 400 мың теңге игеріліп, 47 адам 4 пайыздық мөлшерлемеде несие алған. Яғни, 50 адамның ішінен 47-сі кредитке қол жеткізген. Биылғы жылғы салаға қатысты осы және өзге де ақпараттарымен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жамбыл облысы филиалының Несие бөлімінің басшысы Бауыржан Тәжібаев бөліскен болатын:
…Сонымен қатар ағымдағы жылдан бастап жайылым жерлері бар, қора-жайлары көлемді үлкен шаруа қожалықтарына 16 пайызбен берілетін 30 миллион теңгеге дейін алуға мүмкіншілк бар жаңа несиелеу жобасы бар. Бұл «Еңбек» бағдарламасы бойынша сиыр мен қой шаруашылығын өсіруге беріледі. Тағы бір айта кетерлігі бұл бағдарлама мал бордақылауға емес, тек оларды көбейту үшін беріледі. Яғни мал басын арттыруға бағытталған. 16 пайыздың 10 пайызы мемлекет тарапына субсидияланады.
Сондай-ақ, бағдарламаның тағы бір ерекшелегі алдыңғы «Еңбек» бағдарламасының несиені өтеу мерзімі алты жарым жылға шейін болса, мынау үлкен сома болғандықтан он жылға дейін төлеу қарастырылған. Бұл биылғы жылдағы жаңа бағдарлама – дейді ол.
Сонымен қатар, бөлім басшысы аталмыш жоба «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жамбыл облысы филиалының өз қаражатынан беріліп отырған тың бастамалардың бірі екендігін тілге тиек етті. «Бастау» бағдарламасы бойынша былтырғы жылы кредит алған Сарысу ауданының азаматы, кәсіпкер Ғазиз Сәдуақасов кәсіпкерлерге, оның ішінде жаңадан шаруашылықпен айналысатын жандарға пайызы төмен, жеңілдетілген несиенің жеңілдігі көп дейді.
– Өткен жылы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында «Бастау Бизнес» кәсіпкерлікке баулу курсын оқыдық, бір ай. Одан кейін тиісті құжаттарды дайындап болған соң, бар-жоғы екі аптаның ішінде жеңілдетілген несиеге қол жеткіздім. Сөйтіп мемлекет тарапынан 4 миллон теңгеге 7 бас аналық түйе алдым. Орта есппен алғанда әр аналық түйенің бағасы 500 мың мен 700 мыңның аралығында болды. Алдағы уақытта малды өсіріп-өркендетуге бар күш-жігерімізді салатын боламыз. Кәсіппен айналысқысы келіп жүрген жандарға бұл мемлекеттен берілетін таптырмас мүмкндік болып тұр, – дейді Ғ.Сәдуақасов.
Ал Талас ауданының азаматы Жеңісхан Атамбаев болса 2018 жылы аталмыш жобаның аясында мал басын көбейту мақсатында алған жылқыларының бүгінгі таңда өсіп келе жатқандағын айтты. Қылқұйрықтарына қыстың күні ең басты жау түз тағысы қасқыр болатыны қауіп, әйтпесе көктем түсіп жаз жайлауға ұзағанда жануарлардың күйі көтерлетінін, жалпы қазақтың оң жамбасына келетін жылқышылықты «Қазаққа қолайлы кәсіптің бірі жылқы» деп мақатанышпен айтты. Бастысы шаруадардың әңгімесінен өздері өндіріп, бұдан әрі қарай өрістету мақсатында жасап жатқан кәсіптеріне көңілі толатындығын аңғарасыз. Тек аталған қаражатты алу жолындағы құжат жинау барысында шаруаның шаш етектен болып кететіні қиындық.
Пандемияға байланысты бұл бизнес бастауға биылғы жылы өткен жылғымен салыстырғанда өтінімдер аз. Десе де ауыл шаруашлығын қолдау қорының мамандары төтенше жағдайға қарамастан, егіжайлар мен мал шарушалығынан түсетен азық-түліктерді тоқтатпау мақсатында толассыз жұмыстар жасауда. Оны да айта кеткен жөн.
Естеріңізге сала кетсек, былтырғы жылы аталмыш сала бойынша өңірдегі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» 5 млрд-тай ақша бөлінген. Ал осы жылға 4 млрд теңге бөлінген. Сонымен қатар, жылдың екінші жартысында тағы да қосымша 3 млрд теңге қарастырылуда. Сонымен, аймақтағы ауыл шарушалығында 4 және 6 пайыздық мөлшерлемеде берілетін «Еңбек» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы жалпы сомасы 7 млрд теңге игерілуі мүмкін.
Оқырман назарына тағы ұсына кетуді жөн көрдік: Жобағы қатысу үшін ниет білдіруші азамат жұмыспен қамту орталығына немесе кәсіпкерлер палатасының аудандардағы филиалына, сондай-ақ, өзі тұратын ауылдық округ әкімшілігіне өтініш бере алады. Негізінен ниет білдірушінің мақсатты топқа жататындығын анықтайтын жұмыспен қамту орталығы. Орталық тізімді Палатаның филиалына өткізеді. Одан әрі Палата азаматтардың кәсіпкерлік әлеуетін анықтау мақсатында тесттен өткізеді. Тесттен өткен азаматтар жобаның қатысушысы болып табылады және бұл азаматтар әрі қарай 25 күн көлемінде кәсіпкерлік негіздеріне қатысты арнайы оқытылады. Оқуды аяқтаған соң жоба қатысушыларына сертификаттар беріледі. Қатысушы азаматтар оқуды сәтті аяқтаған соң, бизнес-жоспарларын өңірдегі қаржы институттары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы назарға алып, бұдан ары қарайғы тірлікпен осы сала мамандары айналысады.
Жалпы ауылдағы ағайынның бизнестегі бастамашыл әрбір ісі биліктің назарында һәм барынша билік те, қолдап бағуға әзір. Сол себепті мүмкіндктер туып тұрағанда оны да мүлт кетіріп алмаған абзал. «Адамға балық берме, қармақ бер» демекші халыққа жасалған жақсылық һәм қолдауға да сайып келетін бұл берекелі жобаның еңбек етемін деген ел азаматтарына берітін мүмкіндігі мол болып отыр. Еңбектің наны тәтті…

Елдар БОРАНБЕК

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *