Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары

Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу үшін тексеру нәтижелері туралы хабарламаға немесе деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау жағдайларынан басқа, салық органдары салық төлеуші – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның салықтық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. Салықтық міндеттемелерді орындау егер бұл өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) ережелерінде көзделсе, жай серіктестікке (консорциумға) қатысушылардың салықтық міндеттемені орындауын өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша операторға жүктелген жағдайларда, жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушінің салықтық берешегін өндіріп алу кезінде осы тарауда көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары салық төлеушіге және (немесе) операторға қатысты қолданылады.
Салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану тәуекелдерді басқару жүйесінің нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі. Мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолдану басталғанға дейiн тәуекел деңгейлері орташа және жоғары салық төлеушiге, салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама жiберiледi.Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану салық төлеушіде салықтық берешек түзілген күні немесе салық төлеуші тәуекел деңгейі төмен санаттан тәуекел деңгейі орташа немесе жоғары санатқа өткен күні салық төлеуші жатқызылған тәуекел деңгейіне байланысты, осы тарауда көзделген мерзімдерде жүзеге асырылады.
Салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен: — банктік шоттардағы ақша есебінен; — дебиторлар шоттарынан; — билік ету шектелген мүлікті өткізу есебінен; — жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде жүргiзiледi.
Мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мынадай:
1) банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалған жағдайда – сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;
2) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімі қолданылған жағдайда – сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;
3) сот төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекіткен жағдайда – соттың осындай келісімді бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап;
4) екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда – соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күшін жоюғажатады.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған жағдайларда, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген салықтық міндеттеме сомасы бойынша және (немесе) сот бекіткен, төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімге енгізілмеген салық төлеушінің салықтық міндеттеме сомасы бойынша салық органы осы тараудың ережелеріне сәйкес мәжбүрлеп өндіріп алу шараларынқолданады. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаға шағым жасаған жағдайда, салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрмайды. Осы тараудың мақсаты үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банктік шоттарға теңестіріледі, ал бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.

Байзақ ауданы бойынша МКБ
бас маман М. Жанысбаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *