Еңбек адамды өсіреді

«Жақсының жақсылығын айт, жаны семіреді» – демекші, біз Ақсу ауылының тұрғындары Төлендиев Нұрғазы, Қырбасов Жұмахан, Айтқожаев Бауырхан және мен Әлханұлы Төреқұл төртеуіміз Жамбыл облысы Шу ауданы Далақайнар ауылына жол тарттық. Жолға шығу мақсатымыз –Далақайнар ауылы әкімдігінің Ақсақалдар алқасының төрағасы, «Шу ауданының Құрметті азаматы» Жомартбек Балтабаевтың іс-тәжірибесімен танысу болатын.

Жомартбек Балтабаев 1942 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Шу ауданы Ерназар ауылында дүниеге келген. Ұлты –қазақ, білімі-орта.
Еңбек жолын 1957 жылдан 1966 жылға дейін Ерназар ауылында жұмысшы болып бастаған. 1966 жылы Шу ауданы Далақайнар астық совхозына қоныс аударып , тамыз айының 23 күні ауылдағы сүт товарлы фермасына бақташы болып қабылданған.
1972 жылдан 1975 жылға дейін осы фермада ферма есепшісі болып жұмыс атқарды.
1975-1996 жылдар арасында сүт товарлы фермасында осменатор (малды ұрықтандырушы)болып жұмыс атқарды. 1996 жылы зейнеткерлікке шықты.
2010 жылы Шу ауданының «Құрмет» грамотасымен марапатталды. 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін Далақайнеар ауылы Ақсақалдар алқасының төрағасы.
Ауылшаруашылық саласында сіңірген еңбегі үшін, әлеуметтік -экономикалық дамуына белсенді қатысқаны және жастарға патриоттық, адамгершілік тәрбие бергені үшін 2015 жылы Қазақстан Республикасынеың Тәуелсіздігі күні қарсаңында Шу ауданының мәслихатының шешімі бойынша Далақайнар ауылының тұрғыны Жомартбек Балтабаев «Шу ауданының құрметті азаматы» атағына ие болды.
Міне, бұл деген еңбектің бағаланғандығы емес пе?! Сексеннің сеңгіріне шықса да Далақайнар ауылының қоғамдық жұмыстарына белсене араласады. Орталық алаңда алма бағын отырғызып, көмекші ретінде Ембердиев Ермахан мен Есболат Бауыржан есімді жігіттерді еңбекке баулып, ақыл-кеңесін беріп, үйретіп жүр. Ақсақалдың ерен еңбегін өзінің әкімшіліктегі кабинетін жабдықтау кезеңі де айтарлықтай, басқа ауыл төрағаларына үлгі боларлықтай.
Біз ақсақалдың әңгімесін тыңдай отырып, үлкен әсерге бөленіп, марқайып қайттық. Әрқашанда еңбек төрінен көріне беріңіз, Жомартбек аға деп, аман-есендіктежолыққанша дестік. Еңбектің ерен үлгісін көрсете беріңіз, дегіміз келді.

Төреқұл Баласағұни,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Шу ауданы, Далақайнар ауылы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *