Ет экспортының көлемі артуда

Мал етінің экспортқа шығарылуына бірден-бір қозғау салған – ауыл шаруашылығы саласында қабылданған «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық», басқа да бағдарламалары мен жобалардың жемісі. Аудандарда ауыл шаруашылығы кооператив-терінің көптеп құрылуы да сүт және ет өнімдерінің шетке көптеп шығарылуы-на өз септігін тигізіп отырғаны анық.

Мал етінің экспортқа шығарылуына бірден-бір қозғау салған – ауыл шаруашылығы саласында қабылданған «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық», басқа да бағдарламалары мен жобалардың жемісі. Аудандарда ауыл шаруашылығы кооператив-терінің көптеп құрылуы да сүт және ет өнімдерінің шетке көптеп шығарылуы-на өз септігін тигізіп отырғаны анық. Сондай-ақ облыс тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған қанатқақты жобаның да мал өнімдерін арттыруға өз үлесін қосады деген сенімі зор. Осы бағдарламалар мен жобалардың есебінен мүйізді ірі қара – 6, қой-ешкі – 102,5, жылқы – 6,2 процентке артқан. Ал құс басы 30,3 процентке жоғарылаған. Осының есебінен бүгінде ет экспорты жандана түскенін көріп отырмыз. Бұған дейін ет бізге шетелдерден келетін болса, енді біз оларға шығаратын әлеуетке ие бола бастадық.
Атап айтсақ, былтыр біздің өңіріміз шетелге 1,5 мың тонна сиыр етін экспорттау керек болса, жоспар 105,2 процентке орындалған. Осылайша 1578,5 тонна сиыр еті шет мемлекеттерге жіберілген. Ал жоспарға қойылған 1 мың тонна қой еті де артығымен орындалғанын көріп отырмыз.
Статистикалық мәліметке жүгінсек, мал шаруашылығы өнімдерінен ет өндірісі – 21,8 процентке, яғни 9,6 мың тоннаға, сүт өндірісі – 1 процентке, 16,8 мың тоннаға артқан.
Бүгінде қой етін экспорттау бойынша республикада өңіріміз көш бастап тұр. Атап айтсақ, алдыңғы жылы елімізде 3800 тонна қой еті шетел нарығына шығарылса, оның 44 проценті облыстық тауар өндірушілерге тиесілі.
Әсіресе шетелдіктердің қозы етіне деген сұранысы жоғары. Тауардың негізгі бөлігі Иран Ислам Республикасы мен Бахрейн Корольдігіне және Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттеріне жіберілуде. Сондай-ақ бүгінгі күнге дейін 26,6 тоннаға жуық сиыр мен қой еті экспортталған. Оның 7,8 тоннасын сиыр, 18,6 тоннасы қой етін құрайды. Тараз қаласының кәсіпкерлері сиыр етін толықтай Ресей нарығына шығарған. Меркі ауданындағы «Меркі ет комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан Біріккен Араб Әмірлігі еліне – 7,73 тонна, қордайдағы «Оптоград» ЖШС тарапынан Оман мемлекетіне – 1,098 тонна, БАӘ еліне – 8,712 тонна, «ИРС-Экспорт» ЖШС БАӘ еліне 1,065 тонна қой етін экспорттаған. Бұдан бөлек, 0,2 тонна жылқы еті экспортталыпты. Қазір ет экспорты әлеуетін арттыру мақсатында аймақта арнайы бағдарлама қабылданып, шетелден етті бағыттағы мүйізді ірі қаралар әкелінуде.
Өңірімізде ет экспортымен тұрақты айналысатын бірнеше серіктестік бар. Атап айтсақ, Жамбыл ауданындағы «Оңтүстік халал тағамдары», Меркі ауданындағы «Меркі ет», Қордай ауданындағы «Первомайские деликатесы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Бүгінгі таңда серіктестіктер ет өнімдері Иран Ислам Республикасы, БАӘ, Бахрейн Карольдігі, Кувейт, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттеріне экспорттауда.

Сайын ТҰРЛЫХАН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *