ТІЖ жұмыс істеу бойынша енгізілу кезеңдері

Тауарларға ілеспе жүк құжатпен жұмыс істеу бойынша енгізілу кезеңдері: Өндірілуі мен айналымы «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін биоотын 2020 жылғы 1 қаңтар.
Өндірілуі мен айналымы «Этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін этил спирті мен алкоголь өнімі 2020 жылғы 1 шілде
Өндірілуі мен айналымы «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерi 2020 жылғы 1 шілде
Өндірілуі мен айналымы «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін темекі өнімдері 2020 жылғы 1 шілде
Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі — ЕАЭО СЭҚ ТН) коды және атауы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы оларға қатысты тауарлардың тізбесіне еңгізілген тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес бекітілген Еуразиялық экономикалық одағының Бірыңғай кедендік тарифінің баж мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері қолданылады (осы тізбесінің 9-тармағында көрсетілгеннен басқа) 2021 жылғы 1 қаңтар
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар 2020 жылғы 1 шілде
Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкетілетін тауарлар 2020 жылғы 1 шілде
Халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таңбалауға жататын тауарлар 2021 жылғы 1 қаңтар
Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі — ЕАЭО СЭҚ ТН) коды және атауы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы оларға қатысты тауарлардың тізбесіне еңгізілген тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес бекітілген Еуразиялық экономикалық одағының Бірыңғай кедендік тарифінің баж мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері қолданылады, және мұндай тауарларға электрондық шот-фактуралар электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қоймасы» модулі арқылы жазып беріледі
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттеме мынадай мерзімдерде:
1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағымен алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде – тауарларды алыпөту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталған күннен кешіктірілмей;
2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына:
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелу кезде – тауарлар еркін айналысқа шығарылған күннен кейінгі күннен кешіктірілмей;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелу кезде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннің алдындағы күннен кешіктірілмей;
3) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде – тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталған күннен кешіктірілмей туындайды.
Тауарларға ілеспе жүк құжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттеме қолданылатын тауарлардың тізбесін, сондай-ақ ресімдеу тәртібі мен олардың құжат айналымын уәкілетті орган белгілейді.

Бас маман Е.Амирбеков

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *