Жәрмеңке жұмысына жұрт риза

Өткен аптада облыс аудандарын аралауға аттанған әлеуметтік автокеруен Талас және Сарысу аудандарына да жетті. Автокеруен ұйымдастырған ауылшаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі әуелі Қаратау қаласында өткізілді.

Онда Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша қысқа және орта мерзімді шаралар топтамасы аясында бастау алған әлеуметтік автокеруеннің жәрмеңкесіне келіп қатысты. Ұйымдастырушыларға деген алғыстарын жеткізген таластықтар аудан әкіміне осындай жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылып тұрса деген ұсыныстарын жеткізді.
Әлеуметтік автокеруеннің жәрмеңкесінде тауарлар бағасы картоп-80 теңге, пияз 45, бірінші сұрыпты ұн 50 келінің қабы 6000 тг жоғарғы сұрыпты ұн, сәбіз-55 теңге , пияз 50 теңге келісі, күріш 25 келісі 6000,сұйық май 5 литрі 1650, қанттың 25 келісі 4750 теңгеден сатылымға шығарылды.
Онда тұрғындарға 34,5 тонна азық-тауарлары төмен бағада өткерілді. Оның ішінде, 12 тонна картоп, 4,6 тонна пияз, 4,0 тонна сәбіз, 1,5 тонна сұйық май, 1 тонна қант, 0,5 тонна күріш, 150 кг қарақұмық, 10 тонна 1-ші сұрыпты ұн бар.
Ұйымдастырылған бұл жәрмеңке Ақкөл ауылында жалғасын тауып, жақын маңдағы ауылдардан да келіп жатты.
Сонан соң азық-түлік басылған керуен Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласына келіп жетті. Қаланың орталық базары аумағында ұйымдастырылған жәрмеңкеде тауарлар картоп-80 теңге келісі, пияз 45, бірінші сұрыпты ұн 50 келінің қабы 6000 тг жоғарғы сұрыпты ұн, сәбіз-55 теңге , пияз 50 теңге келісі, күріш 25 келісі 6000,сұйық май 5 литрі 1650, қанттың 25 келісі 4750, арзандатылған бағада сатылды. Өз кезегінде аудан орталығының тұрғындары тиімді бағада сатылған жәрмеңкеге ризашылықтарын білдірді.
Автокеруен ұйымдастырған жәрмеңке ауданның Саудакент ауылдық округінде жалғасын тапты.
Әлеуметтік автокеруеннің жәрмеңкесіне саудакенттіктер ағылып келіп жатты. Ауылдықтардың Сарысу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен өткен азық-түліктің бағалары көңілдерінен шықты.
Онда тұрғындарға 34,5 тонна азық-тауарлары төмен бағада өткерілді. Оның ішінде, 12 тонна картоп, 4,6 тонна пияз, 4,0 тонна сәбіз, 1,5 тонна сұйық май, 1 тонна қант, 0,5 тонна күріш, 150 кг қарақұмық, 10 тонна 1-ші сұрыпты ұн бар.
Жақын маңдағы ауылдардан келіп, сауда көрігін қыздыра түсті.Ұйымдастырушыларға деген алғыстарын жеткізген ауылдықтар осындай жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылып тұрса деген ұсыныстарын жеткізді.

Сайын ТҰРЛЫХАН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *