Жарқын жобаның пайдасы мол

Бүгінде Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы жалпы өңір халқының арасында кең қолдауға ие болып отыр. Облыстық баспасөз-туры пилоттық жобаға енген Саудакент ауылында пилоттық жобаға қатысып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған шаруалармен кездесті.

Ең әуелі баспасөз-туры «Саудакент-2019» өндірістік кооперативінде болды.
Ауылдық округ әкімі А.Назарбеков тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсарту пилоттық жобасы аясында ауылда атқарылып жатқан жұмыстардың барысына тоқталды.
–Жамбыл облысы тұрғындарының табысын арттыру мақсатында пилоттық жоба жүріп жатыр. Осы пилоттық жобаға Саудакент ауылы енгізілді. Жалпы бұл жұмыс бес бағыт бойынша атқарылуда. Қазіргі таңда бірінші және екінші бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бірінші бағыт бойынша осы ауылда «Саудакент-2019» өндірістік кооператив құрылды. 20 техника сұранысқа бергенбіз. Бүгінгі таңда техникалардың алғашқылары келді. 3 трактор 2 тіркемесімен бар. Ал, қалған техникалар алдағы уақытта келеді. Кооперативтің жұмысы негізінен Саудакент ауылы бойынша жобаға енген 984 аула бойынша 901 аула 118 гектарға қызанақ, қияр егу қарастырылып отыр. Ал, жем-шөп дайындау үшін 716 гектар арпа, 44 гектар дәндік жүгері, 33 гектар сүрлендік жүгері, 168 жоңышқа, 2156 шабындық, 6156 жайылымдық жер бөлінді. Осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Екінші бағыт мал сатып алу бойынша бүгінгі күнге 287 өтінім беріліп, 121 азамат несиесін алды. Қазіргі таңда 45 азамат 501 бас мал сатып алып келді. Негізі жоба бойынша жалпы 4224 бас төрт түлік мал сатып алу керек,-деді.
Одан кейін пилоттық жоба бойынша несие алып, жылқы бордақылап отырған Алтай Нұрмановтың үйіне ат басын тіреді.
— Қазіргі таңда Саудакент ауылына несие беріліп, ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту пилоттық жобасы жүріп жатыр. Мен де осы жобаға қатысып, жеке иелігімдегі тұрғын үйімді кепілге қою арқылы несие алдым. 4 бас жылқы алдым. Алдағы уақытта төрт түлік мал аламын деп жоспарлап отырмын,-деді. Сонымен қатар жобаға қатысып, он бас бұқашық сатып алып, ет бағытында өз кәсібін дөңгелетіп отырған М.Маулешовтың және жоба аясында тұрмысын жақсартып сиыр, қой алып, ет және сүт бағытында кәсібін бастайын деп отырған У.Кемаловтың үйлеріне барды.
Ауыл азаматтары жобаның тиімділігін айтып, кәсіпкерлікпен айналысып, мал басын көбейту, бордақылау, сүт өткізу, көкөніс егу және жылыжай салып, көкөніс өсіруді қолға алмақшы.

Сәулет ЕСҚАРАЕВ,
Сарысу ауданы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *