Үшаралдықтар белсенділік танытуда

«Жамбыл облысы тұрғындар-ының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы» аясында Талас ауданы Үшарал ауылында жұмыстар жандана түскен. Ондағы кооперативтің тыныс-тіршілігімен аудан әкімі Бақыт Қазанбасов танысып, тұрғындарға жұмысты жүйеле түсуді тапсырды.

Бүгінде ауылдық округте пилоттық жоба бойынша тұрғындардың әлеуметтік-тұрмысын жақсартуға 778,32 миллион теңгеге 187 жоба құжаттары өткізілген. Негізінен, ауылда 320 отбасы бар болатын болса, оның 178 жобаға қатысуға ұсыныс беріпті. Олардың тиісті құжаттары «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» акционерлік қоғамына өткізіліп, бүгінгі күні 91 отбасы тиісті несиелерін алған. Ол отбасылар уақытта жоспар бойынша 1082 мал сатып алу керек. Дегенмен қазіргі таңда ауыл азаматтары 241 жылқы, 189 ірі қара, 492 уақ мал сатып алыпты. Сондай-ақ 178 бір азамат наубайхана ашуға, тағы біреуі типтік жылыжай салу бойынша өтініш білдіріпті. Бүгінде ол азаматтардың құжаттары «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» акционерлік қоғамына өткізіліпті. Енді сұраныстары қанағаттандырылып, қаражаттары қолдарына тисе жұмыстар бастауға дайын отыр екен.
Сонымен қатар 74 азамат 855 мал сатып алған. Олар дала төсін малға толтырып, ауыздары аққа тие бастаған. Жарқын жобаның шарапатын көріп мал алған азаматтың бірі Кенжебек Оразымбетов. Ол 1 жылқы, 5 сиыр сатып алған екен. Бұл ауыл азаматы 2,1 миллион теңге несие рәсімдепті. Сол секілді Рүстем Әлиев те 4,6 миллион теңге қаржыға 7 бие, 1 айғыр, сондай осы жылқыларды баққанға 1 мініс ат сатып алыпты.
– Ауыл малға жайлы. Сондықтан мал санын көбейту баршамыздың арманымыз. Дегенмен осы уақытқа дейін оны көбейту үшін берілетін несиелер біз үшін тиімсіз еді. Сондықтан ондай бағдарламаға қатыса алмадық. Облыс басшылығының бастамасымен тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы дер кезінде шықты деп ойлаймын. Себебі, біз секілді шаруалар кооперативке бірігіп үй іргесіндегі жерлерін тиімді пайдалана отырып, қораларын малға толтыруда. Өзім Қамбар ата түлігін көбейтіп, қымыз байласамба деп отырмын, – дейді Р.Әлиев.
Сонымен қатар ауылдың тағы бір тұрғыны Сағаділлә Жамансары да қой несиеге қой алыпты. 3 миллион теңге несие рәсімдеген ол бұл қаржыға жем-шөбін де дайындап қйоған. Бүгінде қорасына кіргізген 50 қойының жартысына жуығы төлдеп үлгерген. Сәтін салса ауыл азаматы қой санын көбейтіп, етін өткізуді де жоспарлап отыр. Алдағы уақытта оның етін жаңадан құрылған «Талас 2020» ауыл шаруашылығы кооперативі нарық бағасымен сатып алмақ ниетте. Жалпы, кооператив 20 техникаға сұраныс берілсе, қазіргі таңда оның 16-сы келіпті. Алдағы уақытта комбайн, камаз бен тіркемелер келетін болады. Алдағы уақытта 10-15 күнде жер жырта бастамақ.
Расында, жарқын жоба ауыл шаруашылығының дамуының негізі. Сондықтан аудандағы жауапты тұлғалар күндіз-түні еңбектеніп, тұрғындар шаруасының дамып кетуіне жүгіріп-ақ жүр. Болатын істің қасында аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың да жүруі көңіл қуантады.
– Жасыратыны жоқ, басында тұрғындар арасында күдік болды. Дейтұрғанмен бұл қанатқақты жобаның бүгінгі аяқ алысы тұрғындардың күмәнін сейілтті. Мәселен, бүгінгі күні сұраныс берген 178 отбасыдан өзге 20 отбасы сұраныс беріп жатыр. Қолдағы қаражаттың ыңғайына қарай олардың да сұранысын қанағаттандыру жоспарда. Қазіргі таңда егіс егетін алқап дайын. Бірінші айналым бойынша ауыл ішіндегі 5 гектарға қызанақ, 5 гектарға қияр ексек деген жоспар бар. Ал екі айналым аясында қияр, 28 гектар қауын-қарбыз егетін боламыз, – дейді аудан әкімі Бақыт Алпысбайұлы.
Халқымыз «Ел алғысын алсаң елеулі боларсың» немесе «Баталы ел арымас, батасыз ер жарымас» — деп текке айтпаған. Шындығында, әр істің баянды болуы жұртшылықтың тілеуіне, пейіліне қарап өлшейтіні бар. Сол секілді үшаралдықтар да жаңадан құрылған «Талас 2020» ауыл шаруашылығы кооперативі базасында «Құдайы тамақ» таратып, ауыл қарияларынан бата алып баянды іске бүгіннен кірісіп кетті.

Сейділдә ТӨРЕН

Талас ауданы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *