Әлеуметтік автокеруен қызмет көрсетуде

Өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарлары тиелген әлеуметтік автокеруен аудандарға аттанды. Бұл керуен ағымдағы жылдың 15 ақпанында Мойынқұм ауданының Мойынқұм, Бірлік ауылдарында және 16 ақпанда Шу ауданының Шу қаласы мен Төле би ауылында жәрмеңке ұйымдастырып, онда жеңілдетілген бағамен азық-түлік тауарларын өткерді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді шаралар топтамасы аясында ұйымдастырылған керуенге жалпы құны 5,6 млн. теңгені құрайтын 46 тонна азық-түлік тауарлары тиелген. Оның ішінде, 15 тонна картоп, 4 тонна пияз, 4 тонна сәбіз, 1 тонна сұйық май, 3 тонна қант, 5 тонна күріш, 2 тонна қарақұмық, 12 тонна 1-ші сұрыпты ұн бар. Тауарлардың бағасы да қол жетімді. Мәселен, картоптың келісі – 80 (нарықтағы баға – 93 тг), пияз — 45 (нарықтағы баға – 66 тг), сәбіз — 50 (нарықтағы баға – 94 тг) теңгеден ұсынылса, бір адамға шекті көлеміне сәйкес 5 литрлік сұйық май — 325 теңге (нарықтағы баға – 418 тг), 25 келі күріш — 240 теңге (нарықтағы баға – 266 тг), 5 келі қарақұмық — 250 теңге (нарықтағы баға – 350 тг) және 50 келілік бірінші сұрыпты ұн — 120 теңгеден (нарықтағы баға – 148 тг) өткеріледі.
Айта кету керек, аталған шараны үстіміздегі жылдың 15 наурызына дейін әр аптаның сенбі және жексенбі күндері Сарысу, Талас, Меркі, Қордай аудандарында да өткізу жоспарланып отыр.

«Ауыл-аймақ»-ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *