Бесағаштықтардың берекесі артып келеді

Облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартуға бағытталған пилоттық жоба аясында пилоттық ауылдағы тұрғындар тиімді несиеге қол жеткізіп, қорасын малға толтырып жатыр. Мәселен, Жамбыл ауданындағы Бесағаш ауылдық округінде Жамбыл ауданындағы Бесағаш ауылдық округінде 280 адам несие алуға өтініш беріпті. Оның 132-сінің құжаты мақұлданып, алатын қаражатын күтіп отырса, қолына қаржысы тиген 35 азамат мал алуда.

Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлының айтуынша, ауылдық округте 279 тұрғын мал алуға өтініш берсе, бүгінде оның 35-і 125 миллион 490 мың теңгеге мал алып үлгеріпті. Сондай-ақ 1336 үйі бар окургтің аталған жобаға 1176 аула тұрғыны қатыспақ. Бірінші бағыт бойынша жобаға округтегі тұрғындардың 95 пайызы қамтылады деп күтіліп отыр екен. Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалануға 29 миллион қаржы көзделуде. Оның 23 миллион теңгесін тұқымға жұмсалса, тыңайтқыш пен пестициткеде қосымша қаржы қарастырылатын болады. Айта кетерлігі, жобадан екіқабатты тұрғын үйде тұратын пәтер иелері де тыс қалдырылмаған. Ешқандай жер телімі жоқ 10 осындай үйдің 160 тұрғынына ауыл сыртынан 15 гектар жер телімі бөлініп қойыпты. Олар әкімдік берген жерге қалаған дақылын егіп, өнім жинауға мүмкіндік алмақ.
Ал екінші бағыт бойынша несие алған 35 адам 125 миллион 490 мың теңгеге мал алған. Қазіргі таңда тұрғындар 209 жылқы, 47-і сиыр, 21 бұқа, 80 қой, 200 күркетауық алып үлгерген. Сондай азаматтың бірі бесағаштық Жұмабек Садықов. Ол «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы 3 миллион 300 мың теңге несиеге қол жеткізіп, көрші Түркістан облысынан 30 Түркімен тұқымдас «Гисар», 20 қазақы қой сатып алыпты. Бұдан бөлек, малдың жемшөбіне 550 мың теңге жұмсаған. Бүгінде қорасына жерсінген саулықтарының 20-сы төлдеген.
Сол секілді ауыл тұрғыны Әсетулла Сәпиев те 3 милион 500 мың теңге несиесіне 1 жылқы, 4 сиыр, бір жасар 6-ы бұқа, 23 қой сатып алыпты.
– Жобаның тиімділігін ел енді түсіне бастады. 2,5 пайызбен мал алып, ауылда ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, техника келгелі ауыл тұрғындарының құлшынысы артқаны байқалады. Өзімнің техникам бар. Ауламдағы жерімді өңдеп, егінімді сеуіп жұмыс жасауға құлшынып отырмын. Ал техникасы жоқтарға жаңа құрылған кооператив үлкен қолдау көрсеткелі тұр. Бұл жобаның артықшылығы көп. Біріншіден, жұмыссыз отырған азаматтар үшін тиімді. Әрі десе өзін-өзі жұмыспен қамтиды. Сүт өндіріп, мал бордақылайсың. Үйіңе табыс кіреді. Алған несиеңнің де пайызы төмен. Бір жыл каникулы тағы бар. Несиеңді бір жылда екі бөліп төлеу біз үшін де тиімді. Шаруа адамға бұдан артық қандай қолдау керек. Жақында сатып аған сиырымның алды бұзаулап, аузымыз аққа тиді. Енді артылған сүтті округте жаңа құрылып жатқан ауыл шаруашылығы кооперативіне өткізуді жоспарлап отырмыз, – деген Әсетулла ақсақал «Іске сәт» ауыл шаруашылығы кооперативімен келісім-шартқа отырып үй іргесіндегі 20 соттық жерге тұрып екпек. Ақсақалдың сөзінше, тұрып 80 күнде пісетін дақыл екен. Ол оның тұқымын наурыздың аяғында сеуіп, мамырда өнім жинап алуға ниетті. Сонымен қатар сәуірдің басында қырыққабаттың да тұқымын сеуіп, мамырда қырыққабаттың көшетін сатып, әрі өз шарбағына көшеттеп отырғбақшы. Осылайша, ақсақал өз ауласындағы 20 соттық жерінен екі өнім жинап алмақ.
Сонымен бірге Түрксіб ауылының тұрғыны Болатхан Тойшыбеков «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясынан алған 3 миллион 750 мың теңгесіне 8 бас жылқы сатып алыпты. Жеке кәсіпкер алда жылқы басын арттырып, бие сауып, қымыз өндіруді жоспарлауда.
Расында, жоба аясында атқарылатын оңды істердің басты ұйытқысы жаңадан құрылып жатқан ауыл шаруашылығы кооперативтері. Аталған округте жұмысын бастаған «Іске сәт» ауыл шаруашылығы кооперативінің директоры Қадіржан Дөненбаев 100 миллион 700 мың теңгеге 22 ауыл шаруашылығы техникасын алғандығын айтады. Қазір ауылда техника паркі жасақталып жатыр екен.
– Лизинк жүйесімен алған техникамыздың 3-еуі трактор, 1-еуі комбайн, қалғаны ауыл шаруашылығы тіркемелері. Ендігі біздің міндетіміз бірінші және екінші бағыттар бойынша ауыл тұрғындарының үй іргесіндегі және ауыл сыртындағы жерін жыртып, егінін сеуіп беруге, екінші бағыт бойынша мал алғандардың жемшөбін дайындауға көмектесу. Техникамызды көрген соң кооперативке кіреміз дегендердің саны артып отыр, – дейді кооператив директоры. Сондай-ақ алдағы уақытта кооператив мүшелеріне көмектесумен қатар олардың өндірген өнімін қабылдан, облыс тұтынушыларына делдалсыз өткеріп отырмақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *