Салық төлеушілер назарына!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 11.12.2019 жылғы №1370 «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығымен жаңа бюджеттік сыныптама коды (бұдан әрі – БСК) 101111 «Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы» бекітілгенін хабарлайды.
Осыған байланысты, 2020 жылы 1 қантар айынан ірі кәсіпкерлік заңды тұлғалар субъектілері корпоративті табыс салығын 101110 БСК-на, ал 101111 БСК-на ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалар төлейді.
Ірі кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №309 бұйрығымен бекітілді.

Сарысу ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *