Сыбайластыққа жол жоқ!

Біз мүлде жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса,бұл жолда жетістіктеріміз аз емес.Ал шешімі күрделі мәселелер де бар.Ол- әлеуметтік мәселе.Бұл салада қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе,ол– коррупция.Елімізде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да,атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық,бірақ бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып табылады. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінде лауазымды қылмыстар жатады.Өмір көрсеткендей,қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану,билікті не қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану,пара алу, пара беру парақорлыққа делдал болу,қызметтік жалғандық жасау,сеніп тапсырған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару,лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де заң актілерін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму нарықтық экономиканы құру инвестиция тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Сол себепті біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Т.Спатаева,
Сарысу ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер
басқармасының бөлім басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *