Еңбек қауіпсіздігі мен біліктілік – басты назарда

Өндіріс саласында қызмет ететін жұмысшы-қызметкерлердің өз мамандықтары бойынша білікті де білгір болуы, қажет кезінде ұтымды шешімдер қабылдауға құзіреттілігі өте маңызды орынға ие. Қазіргі заманның талабы да осы. Ол алдымен өндірістің тиімді жұмыс істеуіне ықпал етсе, екіншіден еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздікті сақтауға, өндіріс жарақаттарының болмауына оң әсер етеді.

Осы қағиданы басшылыққа алған «Қазфосфат» ЖШС филиалы «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің директоры М.Б.Сәрсенов биылғы жылды барлық цехтарда осы тақырыпта оқу, тәжірибе бөлісу сағаттарын өткізумен бастауға пәрмен берді. «Қаратау» ТКӨК еңбекті қорғау бөлімінің ұйымдастыруымен алғашқы оқу-тәжірибелік сағаты «Көксу» кенішінің мәжіліс залында өткізілді. Іс-шараға барлық цехтардың басшылары, инженерлік-техникалық қызметкерлері, жұмысшылар қатысты. Сонымен қатар «Қазфосфат» ЖШС еңбек қорғау жөніндегі бас техникалық жетекшісі Н.С.Сәдібеков қатысып отырды.
Оқу және тәжірибе алмасу сағатын «Қаратау» ТКӨК-нің директоры М.Б.Сәрсенов қысқаша кіріспе сөз сөйлеп ашып, жүргізіп отырды. Басшы өз сөзінде өндіріс мамандарына қойылатын талаптар туралы, еңбек қорғау, еңбек қауіпсіздігін сақтау жөнінде нақты дәйектер мен дәлелдемелер келтіре отырып айтып өтті. Мұнан соң әр мамандықтар бойынша баяндамашыларға сөз кезегін берді. «Көксу» кенішінің бастығы Ә.Т.Қалдыбеков «Көксу кеніші туралы жалпы мағлұмат», «Қаратау» ТКӨК Еңбек қорғау бөлімінің бас техникалық жетекшісі Т.Ж.Досбаев «ҚР «Еңбек Кодексі», техника қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша алдын алу жұмыстары, өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері, өрт қауіпсіздігі, жұмыс орнындағы құжаттарды жүргізу талаптары», «Көксу» кенішінің геологы С.М.Әріпбаев «Көксу кенішінің геологиялық жұмыстары», «Көксу» кеніші тау-кен учаскесі бастығының орынбасары Ә.Т.Шалабаев «тау-кен істерінің жүргізілу барысы», жару учаскесінің бастығы Е.Е.Сәдібеков «Жару жұмыстарының жүргізілу тәртібі», «Көксу» кенішінің бас энергетигі Е.Дәуренбаев «Көксу кенішін электрмен қамтамасыз ету туралы», автокөлік цехының бастығы Б.Б.Рыспанов «Көксу кенішінің автокөліктері» тақырыптарында баяндамалар жасады. Баяндамашылар атқаратын жұмыстары мен еңбек қауіпсіздігінің алдын алу шаралары туралы дайындалған слайдтарды пайдалана отырып, тыңдаушыларға ойларын мазмұнды жеткізді.
Іс-шараны «Қаратау» ТКӨК директоры М.Б.Сәрсенов қорытынды сөзімен аяқтады. Қорытынды сөзінде өндіріс мамандарының, жұмысшы-қызметкерлерінің алдына бүгінгі таңда қойылып отырған жоғары талаптарды жеткізе келіп, өндірісті қарқынды, тиімді әрі қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жүргізуді жиналғандарға қадап айтты. Оқу сағатының соңында «Қазфосфат» ЖШС еңбек қорғау жөніндегі бас техникалық жетекшісі Н.С.Сәдібеков еңбек қауіпсіздігі және алдын алу шаралары туралы ойларын айтты.

Д.АҚДІЛДА,
«Қаратау» тау-кен өңдеу кешені әкімшілікшаруашылық және
әлеуметтік мәселелер
жөніндегі бас менеджер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *