80 отбасы пәтер кілтін алды

Мемлекет басшысының тұрғын үймен қамту бағдарлама­сы Жамбыл облысында қарқын алды. Жыл басталысымен қоныс тойын тойлаушылар легі толастамады. Бүгін Тараз қаласындағы жаңа 15-ші шағын ауданда тағы 80 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. №28 көппәтерлі тұрғын үй арендалық деген аты болмаса шектеусіз уақытқа беріледі. Яғни пәтерге ие болғандар сатып алу құқығынсыз тұра алады. Жалдау құны 3,5 — 4 мың теңге көлемінде.

Айта кетейік, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аталған шағын ауданда барлығы 280 көппәтерлі және 969 жеке тұрғын үй салу жоспарланған. Өткен жылы онда 26 тұрғын үй немесе 1300 пәтер халық игілігіне берілсе, ағымдағы жылы 29 үйдің құрылысы жүргізіледі.
Сондай-ақ, көпбалалы отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша былтырғы жылы 323 пәтер берілді. Жергілікті бюджеттен бөлінген 1 млрд 360 млн теңгеге қайталама нарықтан 144 пәтер сатып алынды.
Ол ғана емес, облыс бойынша баспанаға мұқтаж аз қамтылған және көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында бұған дейін 8 көппәтерлі жатақхана пайдалануға берілсе, 4 жатқхананың құрылысы жүргізілуде. Ол жатақханалардың ішкі құрылысы екі бөлмелі пәтерлерден тұрады. Бір пәтердің жалпы ауданы 35-40 шаршы метрді құрайды. Әр пәтерде зал және жатын бөлмелер, сондай-ақ, өз ас үйі, әжетханасы мен жуынатын (санузел) бөлмесі бар.
Жалпы, бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде 18565 адам тұр, оның ішінде 1784 көпбалалы отбасы, 8593 әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар.

«Ауыл-аймақ»-ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *