Шағын мал базары ашылды

Төрт түлік мал-халқымыздың ең басты байлықтарының бірі. Бұлай дейтініміз, күнделікті тіршілігінің айнымас бөлігіне айналған мал жағдайын жасау үшін жаз жайлауға, қыс қыстауға көшкен ел несібесін осы төрт түліктен тапқан. Ел игілігі үшін Елбасының сарабдал саясаты арқасында бизнестің көзін табу мақсатында қаншама жобалар мен идеялар қолға алынып, жүзеге асырылып жатқандығы ақиқат.

Осы тұрғыда өткен сенбі күні Жаңатас қаласының шығыс жағынан мал базары ашылды. Оған аудан әкімінің орынбасары Олжас Көкей, аудан әкімдігі бөлімінің мекеме басшылары мен мамандары қатысты.
Мал базары әр аптаның сенбісі күні аудан халқы үшін қалтқысыз қызмет етпек. Өткен мал базары күні барлық ауылдық округтерден әкелінген 2 жылқы, 4 сиыр, 30 шақты қой сатылды.
Бұл, әрине, көпшілікті қуантатын жәйт. Мал базарының байыпты жұмыс жасауы өз кезегінде ауданның экономикалық дамуына оң ықпалын тигізетіні сөзсіз.

Камели СҮЛЕЙМЕНОВА,
Сарысу ауданы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *