Өндіріс ошағымен танысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Оtan» партиясының депутаттық фракциясының мүшесі Жабағиев Қожахан Көкірекбайұлы біздің өңірде қызметтік сапармен болып қайтты. Сапар барысында ауданымыздағы ең ірі кәсіпорын «Қазфосфат» ЖШС-нің филиалы «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің Орталық Байыту Фабрикасына атбасын тіреді.
Халық қалаулысы ең алдымен өндірісте еңбек етіп жатқан жұмысшы-қызметкерлердің өкілдерімен кездесіп сұхбаттасты. Өз сөзінде республикамызда атқарылып жатқан игілікті шаралар туралы, парламенттің және үкіметтің соңғы жобалары турасында айтты. Сонымен қатар өндірісте еңбек етіп жатқан еңбеккерлердің жұмысына табыс, отбасыларына амандық-саулық тіледі. Сонан соң, Орталық Байыту Фабрикасының негізі ұнтақтап кептіру кешенінің жұмысымен танысты.

Мұратқали СӘРСЕНОВ,
«Қаратау» және «Шолақтау» тау-кен
өңдеу кешендерінің директоры

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *