Ауыл арасын жаңа көпір жалғайды

Қордай ауданыда Жаңа жыл мен Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойы аясында Қордай ауылында жаңа көпір қолданысқа берілді.

Соңғы жылдары Қордай ауылында жаңадан бой көтерген «Болашақ» шағын ауданының инфрақұрылымын дамыту жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келеді. Атап айтсақ, бұл ауданда газ және су құбыры тартылып, бірнеше көшесі жарықтандырылып, бас көшесіне асфальт төселген болатын. Десе де ауыл тұрғындарын көптен бері мазалап жүрген көпір мәселесі өзекті еді. Себебі тұрғындар айналма жол арқылы орталыққа қатынайтын. Бұл әсіресе, жаяу жүргендерге қиын болғаны рас. Осы орайда ауыл тұрғындары бұл мәселені басшылық назарына жеткізіп, олардың жаңа көпір салу туралы уәдесін алған. Көп күттірмей ағымдағы жылдың тамыз айында көпір құрылысы басталды.
Құрылыс жұмыстарын мердігер «Алира сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүрізіп,5 айдың ішінде қолданысқа берді. Су жаңа көпірден жаяу жүргіншілер де емін-еркін өте алады. Сонымен қатар, көпірді түнде күн сәулесінен қуат алатын жарық шамдар жарықтандыратын болады. Әрине, ауыл тұрғындары бұл игі іске дән риза.
Ашылу салтанатына аудан әкімі Болатбек Байтөле бастаған басшылық өкілдері, беделді ақсақалдар және ауыл тұрғындары қатысты. Аудан әкімі көпшілікті мерекемен құттықтап, «Болашақ» ықшам ауданында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды жеткізді.

Сайын Тұрлыхан

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *