Қарлы боран құрсауында қалғандар зардап шеккен жоқ

Өткен аптаның соңғы күндері Жуалы ауданында қарлы боран көтерілуінің салдарынан Алматы-Ташкент тасжолымен жолға шыққандар жолда қалғаны жайлы ақпарат ғаламтор арқылы тараған еді. Абырой болғанда жамбылдық жедел қызмет өкілдері ауа райының қолайсыздығына байланысты орын алған күрделі жол жағдайында сапалы қызмет көрсетіп, адам шығынына жол бермеді.
Өткен сенбі мен жексенбі күндері ауа-райының қолайсыздығына байланысты «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар авто жолының Түркістан облысының бағытында және одан әрі қарай Түркістан облысының шекарасындағы Нұрлыкент аулынан өтетін 534 шақырымында және Тараз қаласы бағытындағы 593 шақырымындағы жолдары жабылған болатын.
Орын алған жағдайға байланысты Облыстық Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиевтің тапсырмасымен 130-ға жуық полиция қызметкері және 32 қызметтік көлік тәулік бойы жолдарда кезекшілікте болып, қауіпсіздік мақсатында жүргізушілерге елдімекендерден шықпауды ескертті. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері қар құрсауында қалған 466 көлік пен ондағы адамдарды шығарып, қауіпсіз жерлерге және жылыту пункттеріне жеткізді. Жуалы ауданында барлығы 6 жылыту пункті ашылып, 505 адам орналастырылды. Оның ішінде 7 адам Қырғызстан Республикасының азаматы.
Полиция қызметкерлерінің екі тәулік бойы тынымсыз қызмет көрсетіп, жол жағдайын үздіксіз бақылауының нәтижесінде зардап шеккендер болған жоқ.
Қазіргі уақытта ауа-райының тұрақтанып және жолдардың тазалануына байланысты Жамбыл облысы бойынша барлық бағыттағы көлік жолдары ашылды. Жүргізушілер қауіпсіздігі мен жол-көлік апаттарының алдын алу мақсатында аталған аумақтар Жамбыл облысы Полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында.

«Ауыл-аймақ»-ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *