Құрама жем өндірісін жандандыруда

Тараздағы «Good Look сауда үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Good Zhem сауда маркасымен құрама жем өндіріп келеді. Осы бағыттағы ірі зауыт негізінен төрт түлік пен құстар және балықтарға арналған толық рационды құрама жем өндірісін жандандыруда.

Жалпы, бүгінде елімізде жылдам қарқынмен дамып келеді. Оған біріншіден сұраныстың артуы себеп болса, екіншіден мал шаруашылығы өнімдері бағасының көтерілуі бұл сала бойынша елдегі бәсекестіктің төмендігі салаға қаржылық қолдауды артыруға мәзбүрлеп отыр. Сол себепті құрама жем өндірісіне мемлекеттік қолдау шаралары ретеліп келеді.
Ол үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі осы саланы даму мақсатында 2020 жылға дейін жем өндіру бойынша шебер-жоспарын да жасаған. Қысқасы, құрама жем өнеркәсібінің қайта өркендеуі – ол ең алдымен аулды дамытудың және мал шаруашылығы өнімдерінің көбеюінің алғышарты болмақ.
Осы орайда екі жыдан бері табысты еңбек етіп келе жатқан кәсіпорын өзінің өндірістік қуатын күшейтіп-ақ келеді. Өйткені өнімдеріне елімізден тыс, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан сынды елдерден де сұраныс көбейіп келеді. Кәсіпорынның өзінің жеке теміржол тұйығы бар. Тәулігіне 480 тонна, жылына 36 мың тонна құрама жем мен минералды қоспа шығаруға әлеуеті жетеді. Элеваторының сыймдылығы 17469 текше метр екен.
Серіктестік директоры Румия Хашимова әңгіме барысында сапаны бақылау жүйесін жетілдіру бағытында да жұмысты күшейтіп жатқанын айтып өтті. Ол үшін мұнда соңғы үлгідегі жабдықтары бар зертхана өз жұмысын бастаған. Бұл жер алдағы уақытта өзге де кәсіпорындар өз өнімдерінің сапасын тексере алатын үлкен кешенге айналмақ.
Ал шикізатты өз облысымыздың және солтүстік өңірлердегі диқандардан алады. Онда да зертханадан өткен, сапалы дегендерін қабыддайды. Биыл серіктестік «Даму» қорының қолдауымен «СберБанк»-тен «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидиялауға қол жеткізді. Мемлекеттің қолдауын көріп, жаңа мүмкіндіктерге ие болған зауыт қазір жұмысқа құлшына кіріскен.
Айта кетейік, «Даму» қоры облыста іске асырылып отырған сондай мемлекеттік бағдарламалар – «Бизнестің жол картасы – 2020», «Еңбек» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары. Қордың облыстық филиалының директоры Бақытжан Исақовтың айтуынша «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша аймақтық филиал биылғы он ай көлемінде 128 жобаны субсидиялап, сол жобалар үшін екінші деңгейлі банктер арқылы кәсіпкерлеріміз 6 миллиард теңгеден аса несиеге қол жеткізіпті.
– Кепілдендіру бағдарламасы бойынша біз жыл басынан бергі он айдың көлемінде 7 жобаға кепілдік сомасы 900 миллион теңгеден асатын қаржылай қолдау көрсеттік. Ал «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша биылғы он ай ішінде жалпы сомасы 254 миллион теңгені құрайтын бес жобаны мақұлдадық. «Еңбек» бағдарламасына 2019 жылға 1 миллиард 36 миллион теңге бөлінген. Бұл қаржыны екінші деңгейлі үш банкте орналастырдық. Жыл басынан бері қазіргі күнге дейін 44 жоба несиелік сомасы 524 миллион теңгені құрайтын жобалар қаржыландырылды.
Егер де кәсіпкерлікке ниетті, әлеуеті жетіп тұрған азаматтардың бизнес идеялары болса олар біздің қорға келіп, мемлекеттік бағдарламалар бойынша консультация ала алады. Жобалары біздің бағдарламаларға сәйкес келетін болса, біз екінші деңгейлі банктер арқылы несие алуына жәрдемдесіп, қолдау білдіреміз. Яғни, банктер мақұлдағанға дейін құжаттарын сүйемелдеп, көмек көрсетеміз, – дейді филиал директоры Бақытжан Исақов.

Сайын ТҰРЛЫХАН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *