Жылдың төрт мезгілінде жұмыс істеуге сақадай-сай

Биылғы қысқа дайындық шаралары басталысымен-ақ, Жуалы ауданындағы облыстық мәндегі 159,68 шақырым автомобиль жолдарын қардан тазартуға, 346 тонна құм аралас тұз, 20 тонна техникалық тұз және 40 тонна жанар-жағар май, ал аудандық мәндегі 108,12 шақырым және ауылішілік 43 шақырым автомобиль жолдардын күтіп-баптау жұмыстарына 30 тонна техникалық тұз, 270 тонна құм дайындалған.
— Аудандағы елді мекендерді көріктендіру, көгеріштендіру, аудан орталығындағы саябақтарды, кіші гүлзарларды тазалау, жол жиегіндегі гүлдер мен сәндік тал-дарақтарды күтіп-баптау, облыстық және аудандық мәндегі автомобиль жолдарын және ауыл ішіндегі көше жолдарын күтіп ұстау, қыс мезгілінде қардан аршу-тазалау секілді сан салалы міндеттер Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарасты «Жасыл Жуалы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жүктелген, — дейді кәсіпорын басшысы Бақытжан Сүлейменқұл.
Мекеменің мамандандырылған техникалар паркі жыл өткен сайын жаңара түсуде. Мәселен, облыстық мәндегі автомобиль жолдарын күтіп ұстайтын техникалар саны алтау, соның ішінде бір дана «Урал СШР», күрегімен үш дана «МТЗ-892» тракторы, бір дана «XGMA-X6955N» маркілі жүк тиегіші, бір дана «УАЗ» автокөлігі әрқашан дайындық сапында.
Аудандық мәндегі және ауылішілік жолдарға қызмет көрсетуге дайындалған техникалар саны 10 дана, соның ішінде, бір дана «Урал СШР», күрегімен үш дана «МТЗ-82», бір дана «МТЗ-892» маркілі тракторлар, бір дана автогрейдер, күрегімен бір дана «ЗИЛ МДК» маркілі автомашина, бір дана «WZ30-25» жүк тиегіш-эксковаторы, бір дана «КамАЗ» жүк автокөлігі, бір дана «XGMA-X6955N» маркілі жүк тиегіші бар.
Кәсіпорын күшімен аудан орталығы – Бауыржан Момышұлы ауылындағы Парасат, Бейсенбек Сафинов, Тәуелсіздік көшелерін, темір жол көпірі өткелі маңы, Рысбек батыр, Латикант, Жамбыл, Қонаев және Абай көшелері 98 текше метр құм аралас тас шағалмен тегістеу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, Жамбыл, Қонаев, Қазбек би, Парасат, Нұржан Тұрысов, Латикант, Рысбек батыр, Жібек жолы көшелерінің жол бойындағы және орталық алаң, кіші гүлзар мен темір жол бекеті маңындағы ағаштарды бұтау, сәндеп кесу және шығару жұмыстары жүргізілді.
Көктем шыға аудан оталығындағы «Мәңгілік ел» саябағына 600 дана аққайың, 50 дана емен ағашы көшеттері отырғызылды, 1000 дана райхан, 400 дана тагетис, 500 дана петуния гүлдері көшеті мен 13 кг түрлі гүлдер тұқымдары егіліп, бапталуда. «Шерхан Мұртаза» саябағына 125 дана аққайың мен 50 дана емен ағашы көшеттері отырғызылып, күтімге алынды.
Сондай-ақ, Бауыржан Момышұлы ескерткіші маңы, «Жасай бер, Қазақстан!» аллеясы мен Батырбек датқа ескерткіші маңы, «Жастар» аллеясына 1000 дана райхан, 600 дана тагетис, 700 дана петуния гүлдері көшеті мен 17 кг әртүрлі гүлдер тұқымдары егілді.
Аудан орталығының негізгі көшелері Жібек жолы, Рысбек батыр, Латикант, Жамбыл, Қонаев, Бауыржан Үсенов, Бейсенбек Сафинов көшелері мен орталық саябақ бойларындағы ағаштарды сәндеп кесу жүргізілді. Ал, осы аталған аумақтан қураған ағаштарды кесіп, шығару жұмыстары жүргізілді.
Кәсіпорын жұмысының басым бағыттарының біріне аудан орталығы мен елді мекендердегі көшелердің жолдарын күтіп ұстау, ағымды жөндеуден өткізу қыз мезгілінде қардан аршу және тазалау жатады. Осы ретте Бауыржан Момышұлы ауылының Бейсенбек Сафинов, Жібек жолы, Парасат, Рысбек батыр, Жамбыл, Қонаев, Латикант, Төле би, Ақжол, Жанқожа батыр, Ғани Мұратбаев, Қазыбек би, Ұлан, Алатау, Қуат Иманбеков, Тәуелсіздік көшелері мен орталық алаңның маңы, Көлбастау ауылының Қайрат Рысқұлбеков, Дінмұхамед Қонаев көшелері «МТЗ-892-фреза» тракторымен тазартылып, жолдың 1050 шаршы метр ой-шұңқырына 126 тонна асфальт төселіп, ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ал, Бауыржан Момышұлы-Бәйтерек бағытындағы, Қызыларық ауылына кіреберіс, Бауыржан Момышұлы-Береке-Жүрімбай, Бауыржан Момышұлы ауылына «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық автожолы жағынан кіреберіс, аудандық мәндегі Теріс-Қосбөлтек жолынан Бауыржан Момышұлы ауылына кіреберістегі жолдардың жекелеген ой-шұңқырларына 1168 шаршы 140 тонна асфальт төселіп, бүлінген жолға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар әрі қарай жалғасуда.
Аудандық мәндегі 108,12 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарының бойларында өртке қарсы шаралар қамтамасыз етіліп, «МТЗ-82П» тракторының соқа тіркемесімен жыртылып, жол жиектері автогрейдермен тегістелді.
Ауылішілік 43 шақырым жолдардың жекелеген бөліктері, яғни, білім беру мекемелері, әлеуметтік нысандар мен жаяу жүргіншілер көп шоғырланатын көшелерге жасанды кедір-бұдыр төселді, жаяу жүргіншілер сызықтары сызылды және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тиісті жол белгілері орнатылды. Сондай-ақ, ауылішілік жолдардың орталық көшелеріне жол бөлініс сызықтары жасалды.
Аудан орталығындағы «Мәңгілік ел» және орталық саябақтары, Бауыржан Момышұлы, Батырбек датқа ескерткіштері маңы, «Жасай бер, Қазақстан!», «Жастар» аллеялары және орталық алаң маңындағы кіші гүлзарлардың өскін шөптері орылып, одан кейінгі тазалау және шығару жұмыстары атқарылды. Саябақтарға отырғызылған ағаш көшеттері мен гүлдер тұрақты түрде күнделікті суғару жұмыстары жүргізілуде.
Ақсай ауылдық округі аумағындағы «Шетбұлақ» босалқы (запас) жерінде орналасқан жалпы аумағы 7,0 гектар құрайтын полигонға тұрақты түрде күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде.
«Жасыл-Жуалы» кәсіпорны тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптаумен айналысатын «Sata Элит Азия» ЖШС-мен келісім жасаған. Серіктестік тиісті технологиялық қондырғылары мен жабдықтарын полигон аумағына орналастырып, алғашқы өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаумен айналысуда. Бүгінгі таңда барлығы 7,9 тонна пластикалық құтыларды, шыны материалдары мен алюминий түсті металл сынықтарын жинап, кәдеге асырып отыр.
Кәсіпорын штатында 49 жұмыскер жұмыс істейді, соның ішінде бес инженерлік-техникалық қызметкер, бес көлік жүргізушісі, екі шебер, бір дәнекерлеуші, бір үнемдеуші, он механизатор, алты әртүрлі жұмысшы, саябақтарды күтіп ұстайтын 14 адам бар. Өз міндеттерін адал атқарып, кәсіпорынның жоспарлы міндеттерінің ойдағыдай орындалуына үлес қосып жүрген жұмыскерлер ретінде шебер Жұмағали Дәрменқұловты, көлік жүргізушісі Нұртай Тілеуқұловты, есепші Светлана Заварыкинаны, гүл өсірушілер Адина Әділованы, Жадыра Қалиеваны және т.б. атап көрсетуге болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *