Жұмысты ширатуды тапсырды

Азық-түлік тауарларының бағасын бақылауда ұстау – тұрғындардың ахуалына алаңдаушылықтың негізі. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар тауарларыдың бағаларын тұрақтандыру – басты назарда болмағы ләзім десек, өңірдегі бұл тұрғыдағы жұмыстар облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тікелей бақылауында.

Облыс әкімдігінде өткен кеңесте аймақ басшысы азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру мәселелері қарап, қазіргі таңда қалыптасып отырған ахуал және оған қатысты атқарылып жатқан шаралар барысын барлады. Онда тұрақтандыру қорының жұмысы сараланып, бағасы шекті мәннен асып кеткен ұн, нан, картоп, сәбіз, пияз секілді әлеуметтік маңызы бар тауарлар жайы сөз болды. Асқар Исабекұлы аталмыш тауар мен көкөністердің бағасын тұрақтандыру үшін жеткілікті қорды қалыптастырып қана қоймай, жүйелі шаралар қабылдап, қордың жұмысын ширатуды тапсырды. Бағаны бақылауда ұстау – басты талап екендігін қатал ескертіп, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді. Ол үшін арнайы жоспар әзірлеп, бекітудің маңыздылығын баса айтты.
Ол ғана емес, облыс басшысының бастамасымен бұған дейін де осы бағытта нақты шаралар қолға алынғандығын хабарлағанбыз. Онда солтүстіктен жеткізелетін жоғары сапалы ұнмен қатар, өз облысымызда өсірілетін бидайды да ұтымды ұқсатуға мән беріліп, ол нан бағасының шарықтатпаудың бір тетігі ретінде қарастырылған-ды. Сондай-ақ, бағаны тұрақтандыруда өңірдегі құрылысы жүргізіліп жатқан көтерме-тарату орталықтары мен әлеуметтік дүңгіршектердің саның барынша көбейтуге айрықша ден қойылып отыр.

Облыс әкімінің
баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *