Тұрғындарға несие беріле бастады

Аймақта «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы аясында 7,2 млрд. теңге бөлініп, жылдық 2,5 пайызбен несие беру жұмыстары басталған болатын. Оған ауыл шаруашылығы басқармасының ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сенім білдірген өкілі (агент) болып «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ бекітілді.

Бүгінгі күні «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына жобаның бес бағыты бойынша пилоттық 11 ауылдық округтен 2 228 өтінім түсіп, оның 974-і мақұлданған.
Қазіргі уақытта жобаның екінші бағыты бойынша берген өтінімдеріне сәйкес 4 азамат несие қаражаттарына қол жеткізді. Атап айтқанда, Жамбыл, Байзақ, Жуалы және Шу аудандарының тұрғындары барлығы 17,4 млн. теңге несие алып отыр.
Мысалы, Жуалы ауданының тұрғыны Әлиза Сыдырғали несие қаржысына 3 бас мүйізді ірі қара мен 10 бас бұқашық сатып алып, оның санын арттыруды жоспарлап отырса, Шу ауданының тұрғыны Дәуренкүл Күләшбекова мүйізді ірі қара мен жылқы малын алып, кәсібін дөңгелетуді көздеуде.
Айта кету керек, несие шарттарына сәйкес ауыл тұрғындарының несие алуға берген өтінімдері мақұлданған жағдайда, жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден өтіп, банктен есепшот ашулары қажет. Жалпы кәсіпкерлерге несиенің негізгі өтеміне бір жылға дейін, ай сайынға пайыздық өтеміне жарты жылға дейін жеңілдіктер қарастырылған.

Тұңғыш Жанұзақов,
облыс әкімдігі
ауыл шаруашылығы басқармасының
баспасөз хатшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *