Жемқорлықпен күрес – ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіретін ең басты қауіп-қатерлердің бірі екені жасырын емес. Сондықтан, оның алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылып келеді.Сыбайлас жемқорлық мемлекет пен қоғам тұрақтылығына, ұлт қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі келтіреді. Осы орайда ҚР Тұңғыш Президенті Н.Нарзарбаев өзінің әрбір Жолдауында осы індеттің алдын алудағы мемлекеттің басты бағыттарын айқындап бергені белгілі. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыстың сапасын арттыру» атты 2018 жылдың 5 қазанындағы Жолдауында Елбасы сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатынын, сондай-ақ қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшысының жеке тәртіптік жауапкершілігі күшейтілетінін атап өткен-ді.
Жаңадан сайланған ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күрес жүргізілетінін қадап айтты. Осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалып отыр. Еліміздің қазіргі стратегиялық құжаттарын қарастыратын болсақ, олардың ең негізгісі ұзақ мерзімді басымдықты көздейтін «Қазақстан-2050» Стратегиясы. Құжатта сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін қатер ретінде көрсетілген. Сол себепті 2014 жылдың 26 желтоқсанында еліміздің осы маңызды мәселе бойынша қағидаттық ұстанымын білдіретін «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қабылданды.
Стратегия мемлекеттің алдағы жылдардағы жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі өзегі болып табылады. Құжатта жемқорлық деңгейін түбегейлі қысқарту, қоғам өміріндегі, түрлі саладағы жемқорлық тудыратын себептерді жою, қабілетті превентивтік сипаттағы кешенді шаралардың жетекші рөлін жүргізу міндеттері көрсетілген. Стратегияның мақсаты- жемқорлық масштабын азайту, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен квазимемлекеттік және секторлардың ашықтығы.
Осылайша басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күреске емес, оның алғышарттарын жоюға аударылуда. Қоғамдық өмірдің барлық саласына еніп кеткен бұл індеттің алдын алу үшін елімізде институционалдық және құқықтық база қалыптасқан. Сонымен қатар еліміздегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында жасалып жатқан пәрменді шараларды халықаралық ұйымдар жоғары бағалап отыр.

М.Абдракова ,
Сарысу ауданы бойынша МКБ-ның жетекші маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *