Елдік мерекесіндегі ерекше шара

Тұңғыш Президент күніне орай аудандар мен Тараз қаласында қайырымдылық акциялары ұйым­дас­тырыл­ды. Қайырым­ды­лық шараға облыс басшы­лығы, қала, аудан әкім­дері бастаған мекеме басшылары, ірі кәсіпорын басшы­лары, кәсіпкерлер облыстағы тұрмысы төмен, табысы аз, көпбалалы және толық емес отбасыларға, жалпы 1281 отбасына азық-түлік себеттерін, көмір, қысқы киімдер, жалпы тұрмысқа қажетті заттарды табыс етті.

Мәселен, Тараз қаласында 83 отбасына көмек көрсетті.
(Тараз қаласы – 83, Байзақ ауданында – 110, Жамбыл ауданында – 133, Жуалы ауданында – 116, Қордай ауданында – 228, Меркі ауданында – 117, Мойынқұм ауданында – 141, Талас ауданында – 93, Т.Рысқұлов ауданында – 62, Сарысу ауданында – 101, Шу ауданында – 97 отбасы).
Сонымен қатар, мереке қарсаңында облыста 28 нысан ел игілігіне берілді. Атап айтқанда, 1 фронт офис, 22 медициналық пункт, 2 балабақша ашылып, 3 инженерлік жүйесі іске қосылды.
— 28 қарашада Тараз қаласында Zhambyl Invest фронт-офисы, Байзақ ауданында Кеңес, Ботамойнақ, Багара, Жаңасаз ауылдарында медициналық пункттері берілді.
— 29 қарашада Жуалы ауданында Т.Дүйсебайұлы, Қосбөлтек, Қарасу, Майбұлақ, Ақтасты ауылдарында медициналық пункттер, Қордай ауданы, Қордай ауылындағы 75 орындық «Көркем Қордай», Қызылсай ауылында 50 орындық «Тілашар 2» жеке меншік балабақшалары, Бәйтерек, Қызылсай ауылдарында медициналық пункттер, Меркі ауданында Талдыбұлақ, Қазақдихан, Сыпатай батыр, Аққайнар, Тескентоған ауылдарында медициналық пункттер пайдалануға берілді.
— 30 қарашада Жуалы ауданында Теріс, Қосбөлтек, Нұрлыкент ауылдарында жаңа тұрғын алқабының инженерлік жүйесі іске қосылды.
— 1 желтоқсанда Қордай ауданында Қалғұты, Мұзбел, Кенен ауылдарында медициналық пункттер, Меркі ауданында Алтынарық, Қарасу, Қайыңдысай ауылдарында медициналық пункттер пайдалануға берілді.
Мерекеге орай облыста 102 мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *