Жылыжайдан жыл бойы өнім алуда

Тараздың төңірегінде соңғы жылдары жылышай кешендері көптеп ашыла бастаған. Дегенмен, олардың жұмысы аздап бәсеңсіп қалғандай. Оның түрлі себептері де бар. Көбіне тұрақты маманның тапшылығынан да жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып кете алмады.

Десе де былтыр тараздық кәсіпкер Рамазан Ибраимов пен түркиялық Жикан Алабажак «RC Argo Group» ЖШС-ін құрып, өндірістік жылыжайдың қызметін жүзеге асыруға ден қойған. Ол үшін олар «Жасұлан-Флора» ЖШС-нен бұрынғы гүл оранжереясын жалға алып, көшет отырғызу кешенін құрды. Түркиялық мамандар өз елінен көшет өсіруге қажетті барлық жабдықты жеткізіп, бүгінде көкөністің біраз түрінің көшетін баптап отыр. Жиқан Алабажақтың айтуынша қазір қыста жұмыс ауқымы аз. Өйткені жаппай бау-бақша егу науқаны болмаған соң бұл шақта сұраныстың азаюы заңдылық. Соған қарамастан өзге де жылыжайларға, және өздерінің жылыжайына қажетті көлемде көшет өсіріп отыр екен.
Жылыжай кешені HORECA жүйесімен «Айсберг», «Руккало», «Жапырақты», «Роблен» сынды жоғары өнімді салат сұрыптарын да өсіруге маманданған. Негізі қазақстандықтар дастарханның сәні мен дәмін келтіретін аталған салат түрлерінің 80 пайызын Алматы қаласынан және Орталық Азия, ҚХР, Израиль, Польша елдерінен алады екен. Осыған байланысты, жобаның басты міндеттерінің бірі – басқа елдердің импортына төтеп беріп, отандық көкөніс шаруашылығын дамытып, тіпті өңірлік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бұл ретте қосымша қолдау қаражатынсыз қадам басу мүмкін емес. Сондықтан, бірлескен серіктестік «Даму»-дың арқасында «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасымен 34 миллион теңгеге субсидия алып отыр. Түркиядағы көкөніс жылыжайы бәсекелестігінің жоғары екенін ескеріп, Ж.Алабажақ бұл бизнестің берекетін көру үшін Қазақстанды, оның ішінде Таразды таңдапты. Айтуынша мұндай ауқымды жылыжай елімізде бұрын-соңды болмаған көрінеді.

«Ауыл-аймақ»-ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *