Қаржылай қолдау қомақты, құрылымдар жұмысы тұрақты

Қазір Сарысу ауданында аграрлық сектор тұрақты даму жолында. Істің көзін тапқан шаруалар отарлап қой айдап, гектарлап егіс егуде.Биыл ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнімнің көлемі 13,0 млрд. теңгеден асады деп жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде 590 шаруа қожалығы егістік егіп, мал басын өсіруге серпін берді. 1 өндірістік кооператив, 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тіркеліп, шаруалармен үзеңгілесе жұмыс істеуде.
Жүгері егуде «Игілік» өндірістік кооперативінің еңбегі ерекше. Майлы дақылдардан өнім алуда «Жарасбек — Ата», «Медет» және «Болашақ» шаруа қожалықтары тиянақты еңбектің арқасындаәр гектарынан 7-8 центнерден өнім алды. Алынған өнім өңдеуші кәсіпорындарға өткізілді.
Егін орағын ауылшаруашылығы құрылымдары уақтылы жүргізді. Ораққа 28 астық комбайны, 30 автокөлік және 20 трактор тіркемелерімен қатысты. Дала жұмыстарына жеңілдетілген дизель отынын жеткізіп беруге оператор болып «Аянат» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі белгіленді.
Қазір «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы «Ақ ниет», «Бақдәулет» шаруа қожалықтары құны 2 млн. 400 мың теңгені құрайтын жылжымалы тұрғын үй (вагонын) алды. Бұған«Қанай», «Тұрғын», «Игілік» шаруа қожалықтары да өтінімдерін беріп отыр. «Саудакент кредиттік серіктесігі» қаржы ұйымы арқылы«Бірлік» шаруа қожалығы Беларус МТЗ-892,2 тракторын(90 ат күші) қосалқы құрылғыларымен, «Қозықырған» шаруа қожалығы Беларус МТЗ 1221,2 тракторын(130 ат күші) қосалқы құрылғыларымен алды.
«Мақсары-өнімдері», «Ұшқын» шаруа қожалықтары да жаңа тракторлар алды. Сонымен қатар, «Саудакент-Жантөре» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігі 46,0 млн. теңгеге ҮTO-LX2204тракторын алды.
Ағымдағы жылы 21 шаруашылық жалпы сомасы 243,0 млн. теңгегебарлығы 44 техника сатып алды. Сондай-ақ, Түркістанда сүт жинайтын 1 танкер алынды. Жаңатас қаласында жеке кәсіпкер Фархат Шайымқұловтың сүт цехының құрылысы жүріп жатыр.
Шағын өндірістерді дамытуға биылдың өзінде 20 азаматқа 35,5 млн. теңге жастардың гранты берілді. Онда құс,бөдене жұмыртқасы, түйіршіктелген құрама жем, шағын жылыжай, құлпынай өсіретін жобаларға қолдау көрсетілді.
Аз қамтылған отбасылар мен 29 жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтарға, сондай-ақ, жұмысқа жарамды мүгедектерге 505,0 мың теңгеден, барлығы 194 адамға 98,0 млн. теңге берілді. Олардың да көпшілігі мал алып жатыр.
Егіс топырағының құнарлылығын арттыру мақсатында шаруашылық құрылымдары 874,0 тонна тыңайтқыш алды. Ауданда жаңа технология, тамшылатып суғару жүйесін әзірге бір ғана шаруашылық пайдаланып отыр.Осы жүйені «Жантөре-Саудакент» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі көкөніс,бақша және жүгері егістіктеріне, жалпы 50 гектар суармалы жерге енгізді. Енді бұл шаруашылыққа озық технологияларды одан әрі дамыту үшін Игіліктен жер берілді. Мұнда «Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде су шығару ұңғымаларын қазу қарастырылуда.
Алдағы уақытта су жеткізу қиындық туғызатын егістік жерлерге инфрақұрылымды дамыту тетігімен ұңғымалар қазуды жоспарлауда. Мал шаруашылығы жақсы дамып келеді. Төрт түліктің басы жыл сайын өсуде. Кейбір шаруалар қойдың орнына жылқы ұстап жатыр. 6480 бас жылқы, 20304 бас мүйізді ірі қара және 226590 бас қой-ешкі бар. 6,0 мың тоннадан астам ет өндіріліп, 5,0 мың тоннаға жуық сүт сауылды.
Мал басын асылдандырумен «Елдос-2004», «Ынталы», «Раш», «Сәт-Сағын», «Бірлік», «Тәуекел», «Айтуған» және «Абылай» шаруақожалықтары нәтижелі түрде айналысып жүр.
Ағымдағы жылы облыс әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметовтың бастамасымен «Жамбыл облысының тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы қолға алынып, Үкіметте мақұлданды. Облыс тұрғындарына берілетін жеңілдетілген несиелік ресурс көлемі 7,2 млрд. теңгені құрады. Қосалқы шаруашылыққа бұл таптырмас табыс көзі. Жылдық пайызы 2,5 пайызбен, бір жылға демалысы қарастырылған. Облыс басшысының тұрмысты жақсартуға бағытталған еңбегі біз үшін үлкен қолдау екені анық. 5 жылға берілетін несиеге қойылар мүліктің 70 пайызына дейінгі құнын қаржыландыру тетігі қарастырылған. Оның бірден-бір жолы есік алдындағы жер телімін тиімді пайдаланып, қорадағы малдың өнімділігін арттыру.
Үкімет қолдаған қанат қақты жоба бүгінгі күнде Жамбыл облысында қарқынды жүргізілуде. Бұл облыстың барлық аудандарында жүзеге асып, билікпен халық арасында нақты түсінік қалыптасты. Бұған Саудакент ауылы пилоттық ауыл ретінде алынды. 200 азаматтан өтінім жиналды. 826 млн. теңге қаражат алуға ұсыныс жасалды. Әлі де қосымша 80 үй іргесіндегі жобаны қаржыландыруға мүмкіндік бар. Мұның барлығы «Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мүмкін болып отыр.

Дариха ҮМБЕТИЯРОВА,
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *